Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Гурбангулы Бердымухаммедовтің сәйгүлігі Гиннестің рекордтар кітабына кірді

Гурбангулы Бердымухаммедовтің сәйгүлігі Гиннестің рекордтар кітабына кірді


Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімухаммедовтің "Ақхан" атты сәйгүлігі Гиннесттің рекордтар кітабына кірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Түрікменстандық ресми БАҚ-дың жазуына қарағанда, Гурбангулы Бердімухаммедовтің ахалтеке тұқымды "Ақхан" атты сәйгүлігі 10 метр аралықты 4,19 секундта басып өтіп, жаңа рекорд орнатқан.
Ресми басылымдар бұл рекорд Гурбангулы Бердімухаммедовтің ұлттық салт-дәстүрді жоғары деңгейде насихаттап, осы салаға ерекше көңіл бөліп отырғандығының бір көрінісі екенін жазып жатыр.
Ахалтеке арғымақтары Түрікменстанның ұлттық символы болып есептеледі. Бұл елде жылқы шаруашылығын Гурбангулы Бердімухаммедовтің өзі бақылауға алған. Оның түрікмен арғымақтары туралы жазған бірнеше кітабы бар және өзі де елдегі айтулы шабандоз.
Түрікменстан президенті бір ғана жылқы шаруашылығымен шектелмей, қоғамның, спорттың, әлеуметтік бірнеше бағытта өзін сынап көріп, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген бірден бір президент.

---
09 шілде 2018 ж. 1 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031