Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең биік шырша орнатылды

Ең биік шырша орнатылды


Шри-Ланкада әлемдегі ең биік шырша орнатылды. Шри-Ланка билігі Коломбо қаласында әлемдегі ең биік жасанды жаңажылдық шырша орнатты, конструкцияның биіктігі - 73 метр.  Шырша металл шыбықтарынан құрастырылып, пластиктен жасалған сымдары жасыл түске боялған. Мерекелік "ағашқа" миллион шыршаның бүршігі ілінген, олар қызыл, алтын, күміс және жасыл түске боялған. Шыршаға 600 мың шам ілінген. Ал ең биік нүктесінде алты метрлік жанып тұратын жұлдызша орнатылған.  Жалпы осы шыршаны орнатуға 80 мың АҚШ доллары жұмсалған. Елдегі католиктер шіркеуі ақшаны ысырап етті деп айыптаған: олар артық ақшаны елдегі кедей отбасыларына таратып беруге болар еді.  Осы шыршаны орнатушылар Гиннестің рекордтар кітабына ұсыныс білдірген. Осыған дейінгі әлемдегі ең биік шыршаның ұзындығы 53 метр болған еді, ол қытайдың Гуанчжоу қаласында 2015 жылы орнатылған болатын.

Massaget.kz
02 қаңтар 2018 ж. 2 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031