Ерекше әлемдік рекордтар шеруі
Жыл сайын әлемде сатылымы жоғары рекордтарды тіркейтін Гиннесс кітабы бәрімізге белгілі. Бір қызығы, тұрақты түрде шығатын кітаптардың легі бір-біріне ұқсамайды.
Неге? Себебі, белгілі бір рекордты тіркесең, ақшаға қарық болып қаласың. Сондықтан адам ойына сия бермейтін іс-әрекеттер күн сайын орын алып жатады. Былайша айтқанда әр күн Гинесс рекордтар күні десек болады.
1. Адам ақылына сия бермейтін рекордтың бірі – қағаздан жасалған ұшақтың ұзындығы болып отыр. Бұл рекорд 2016 жылы 14 қаңтарда тіркеліп, ұшақтың ұзындығы 1925 метрді құраған. Осынша қашықтықты құрауға 7436 қағаз ұшақ жасалған. Өкінішке орай бұдан тыс 13 ұшақ дұрыс жасалмағандықтан, саналмады.
2. Скейтбордты елімізде көпшілігі қолдана бермейтіні аян. Ал сонау Перуде Отто атты ит скейтбордты шебер меңгеріп қана қоймай, рекордтар кітабының төрінен алды. Оған басты себеп, ол скейтбордтың көмегімен 30 адамның бұтының арасынан еш қиналмай өтіп шыққан.
3. Соңғы кезде ғарышты зерттеу жаңа ғылымның түрі десек болады. Бірақ адамзат Жердің өзін толыққанды игеріп болмады. Мысалы, мұхиттың тек 5%-ы ғана зерттелген. Сонау 1875 жылы «Челленджер» кемесі Тынық мұхитта ең терең Мариан шұңғымасын(Теңіз деңгейінен 10 911 метр) тапқанына қарамастан, бүгінде ол жерге 3 ақ адам барған. Салыстырмалы түрде осы кезге дейін Айға 12 ғарышкер барыпты.
4. Өткен жыл Алматы үшін өте жаңбырлы болды. Тіпті әлеуметтік желілерде Tesla көлігі
қаланың қақ ортасында жүзіп қайран қалдырып еді. Алайда оны жаңбыр деп айтуға келмейді екен. Әлемде көпшілікті таңқалдырған жаңбыр оқиғасы 2012 жылы Швейцарияның Версуа қаласында орын алған. Жаңбырдың салдарынан көлікте қалыңдығы 6 см мұз қатқан.
5. Луизиана штатының тұрғыны Мелани Мартинес өзін «АҚШ-ғы ең жолы болмайтын адам» деп есептейді. Құдай бір айналдырғанды, шыр айналдырады демекші, Мелани қайда барса да, табиғат апатынан (Ураган) құтыла алмапты. Кесірінен 1965, 1985, 1998, 2005, 2012 жылдары өзі тұратын үйінен 5 рет айырылып қалған.
6. Әлемдегі ең үлкен шөл дегенде көз алдымызға ұшы қиыры жоқ Сахара елестейді. Бірақ сіз білесіз бе, Сахараның тек 30%-ы ғана құмнан – құралады екен. Қалғаны үстіртті жазықтардан тұрады.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ
baribar.kz