Германияда алапат өртті сөндіруге әскер жұмылдырылды

Германия орман өртімен күресіп жатыр.
Елдің солтүстік-шығысындағы алапат өртті сөндіруге әскер жұмылдырылды. Айта кетсек, тілсіз жау ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде пайдаланылған бұрынғы әскери полигонда орын алды. Аталған аумақта жарылмаған оқ-дәрі мен снарядтар сақталған. Сондықтан өрт сөндірушілер қызыл жалынды сапёрлердің көмегімен сөндіріп жатыр.
Жалпы, қазіргі уақытта тілсіз жау 600 гектар жерді шарпыған. Қатты жел мен аптап ыстық салдарынан өрт сөндірушілердің полигонға жақындауына тыйым салынған. Сондықтан қауіпті аудандарда өрт тек әуеден сөндірілуде.
24.kz