Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте 13 жастағы жеткіншек өртеніп жатқан үйден балаларды алып шықты

Шымкентте 13 жастағы жеткіншек өртеніп жатқан үйден балаларды алып шықты


Шымкенттің Құрсай ықшамауданында уақытша баспанада өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Анықталғандай, құтқарушылар жеткенше, көрші бала үйде қалып қойған екі баланы алып шыққан. Бұл туралы «Отырар» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 16 ақпанда болған. Өрт сөндіру қызметіне сағат 16:39-да қоңырау түсіп, Жаңақұрылыс көшесіндегі уақытша баспанада өрт шыққанын айтқан. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сағат 18:30-да толықтай сөндірді.
Анықталғандай, өрт кезінде үйде 3 бала болған. Бұл кезде үйде ересектер болмаған екен.
Үйдегі балалардың үлкені өртті көргеннен кейін бірден көршілерге жүгіріп, көмек сұрапты.
13 жастағы жеткіншек ойланбастан өртеніп жатқан үйге кіріп кеткен. Ал оның анасы өрт сөндірушілерді шақырған екен. Өртке оранған үйде 2013 жылғы қыз жәе 2015 жылғы ұл қалып қойыпты.
Көрші бала үйге кіріп, оларды алып шықты. Сол сәтте өрт сөндірушілер де келді.
Қазіргі уақытта мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.
Stan.kz 

18 ақпан 2019 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930