Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдан жер даулап отыр

Қытайдан жер даулап отыр

Филиппин басшылығы ҚХР-дан Оңтүстік-Қытай теңізіндегі талас тудырып келе жатқан жер қойнауы байлығы мол аумақты соттасып алу жөнінде шешім қабылдады. Мұндай мәлімдемені кеше Филиппиннің сыртқы істер министрі Альберт дель Росарио жасады. Сол күні Филиппин сыртқы істер министрлігі Қытай елшісі Ма Кэцинді шақырып алып, аталған мәселе бойынша Халықаралық төрелік сотқа үндеу жолдағанын хабарлаған. Дель Росарионың сөзіне қарағанда, Филиппин басшылығы бейбіт келіссөз жүргізудің іс жүзінде барлық ықтимал саяси және дипломатиялық әдіс-тәсілдерін пайдаланып болған. Ол пайда бермегендіктен, Халықаралық төрелік сотқа жүгінген жөн деген шешім қабылданған. Израильде Кнессетке сайлау басталды  Кеше Израильде ел парламентіне сайлау басталды. Сайлау учаскелері бүкіл Израиль аумағы бойынша таңертеңгі сағат 5-те ашылған. Сайлау қорытындылары бойынша, Беньямин Нетаньяху премьер-министр орынтағын сақтап қалады деп күтілуде. Соңғы әлеуметтік сұрау салулардың нәтижелеріне сәйкес, Нетаньяхудың «Ликуд» блогы – және «Біздің үйіміз Израиль» партиясы жаңа Кнессетте 32-орын ала алады екен. Бұл қазіргі кездегіден 10 орынға аз, алайда оңшыл блоктың жақын бақталастары – «Авода» солшылцентристік партиясы бар болғаны 17 орын алады деген болжам бар. Үшінші орын «Еврей үйі» оңшыл діни партиясына бұйыратын сыңайлы.

Egemen.kz
06 ақпан 2018 ж. 1 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930