Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ БІЛЕДІ, ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ БАЛАСЫ

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ БІЛЕДІ, ӨЗГЕ ҰЛТТЫҢ БАЛАСЫ

Қазақтың кең байтақ даласы 130-дан астам ұлт өкілін қара шаңырақ астында біріктіріп отырған киелі мекен. Өзара сыйластығы мол, бауыры үшін барын беруге даяр қазақ ешкімді де жатсынбайды. Түрі басқа болғанмен әр адамды туғанындай көреді. Бір үзім нанның өзін бөліп жеп, жанына жақын тарту – бізге тән қасиет. Иә, осындай қасиетті Сұлу Сырдың жұртшылығы өз бойына дарытып, бүгінде қаншама этнос өкілдерін бір қанатының астына алып, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мұндай бөлек болмыстан аудан халқы да қалыс қалған емес. Қазірдің өзінде Шиелі ауданында, жалпы халық саны 84 154 болса, оның 80 508 қазақтар, 3646 өзге этнос өкілдері құрайды. Атап айтқанда, корейлер – 671, орыстар – 1641, шешендер – 82, татарлар – 74, өзбектер – 82, украиндер – 15, әзірбайжандар - 32, немістер – 14, башқұрттар – 6, молдавандар – 5, гректер – 2, қырғыздар – 6, марийлер – 2, ұйғырлар – 3, яғни 18 ұлт өкілі киелі мекенде келісті өмір сүріп жатыр.
Қазақ атам заманнан кеңпейілдігімен, өр жомарттығымен аты шыққан дана халық. Қазақстан сонау зобалаң заман жылдарында тағдыр тәлкегіне ұшыраған талай ұлтты өз бауырына басып, өзім деп қабылдаған ел. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін талай қиындықты бастан кешсе де, басына күн туған өзге ұлт өкілдеріне қамқор бола білді.
Тарихтың терең қойнауына зер салсақ, Қазақстанның осындай көпұлтты ел болып қалыптасуына өзге ұлт өкілдерінің қазақ топырағына жер аударылып келуі мен бейбіт халықтың Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан жеріне көшірілуі себеп болды. жиырмасыншы ғасырдың басында отарлау саясаты ерекше күшейген еді. Сол жылдары Қазақстан жеріне 4 миллионға жуық орыстан бөлек, украин, өзбек, қырғыз, белорусь, балқар, шешендер мен ингуштар, 34 мыңнан астам поляк, 100 мыңнан астам кәрістер күштеп ұжымдастырылды. Бүгінде еліміз сан түрлі тілдер мен мәдениеттер тоғысқан көпұлтты мемлекетке айналды. Қазақстан діңгегі берік ел болды.
Ауданда тұратын түрлі этнос өкілдері бұгінде атомөнеркәсіп, білім, денсаулық сақтау, спорт салаларында жұмыс атқарып, аудан игілігі үшін еңбек етуде. Олар әр жыл сайын қазақ еліне, кең пейіліне алғыс білдіріп келеді. Менің есімім – Дара Ким. «Мен осындай бірлігі бекем, татулығы жарасқан елде тұрып жатқаныма қуанамын. Татулықты ту еткен тәуелсіз елде бүгінде қаншама өзге ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Мен де қаншама жылдан бұрын Қазақстанға қоныс аударған этнос өкілдерінің бірімін. Қазақстандықтар сондай жайлы, қонақжай халық. Сондықтан менің жүрегім әрдайым қаззақ деп соғады. Біз секілді жандарды қанатының астына алып, жатсынбаған отаныма зор алғыс айтамын,» – деді ол.
Н.Назарбаевтың «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ» деген сөздері барлық ұлт пен ұлыс татулықты ту етіп ұстайтынын білдірсе керек.

23 қараша 2022 ж. 330 0