Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы-2020» атанды
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дауыс беру байқаудың ресми сайтында 1-24 желтоқсан аралығында өтті. Оның қорытындысы бойынша Жұлдыз Абдукаримова бірінші орынға ие болды.
Ол осыған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтардан қолдау көрсетуін сұраған еді. Айта кетейік, Қайрат Нұртастың жұбайының Instagram желісіндегі парақшасында 2,3 миллионнан аса қолданушысы бар. Төрт баласы бар – екі ұл және екі қыз. «Әлем ханым» – бұл халықаралық сұлулық байқауы, тұрмыс құрған ханымдарға арналған жыл сайынғы сұлулық байқауы ретінде ұйымдастырылған. «Әлем ханымы» байқауы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді, ол алғаш рет Болгарияда өтті. Оған әлемнің кез келген елінен үйленген, ажырасқан немесе жесір қалған 18-55 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады. Биыл пандемияға байланысты конкурс онлайн форматта өтті, бірақ ұйымдастырушылар келесі жылы конкурсқа қатысушылардың өз жобаларын таныстыру үшін келуге мүмкіндігі болатынын айтты.