Семейлік Лейла Құлжанова әйелдер арасындағы «Әлем аруы-2018» байқауын жеңіп алды
Семейлік Лейла Құлжанова Мәскеуде «World Beauty 2018» сұлулық, сән және дарын байқауының фестивалінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында байқауға Қазақстан атынан қатысқан үміткер жария етті. Семейлік Лейла Құлжанова әйелдер арасында ұйымдастырылған «Әлем аруы - 2018» байқауына қатысып, «Gold» дәрежесіндегі (36-40 жас) «Grand-Prix-Mrs. World 2018» атағын жеңіп алған. Лейла - түрлі сән байқауларының жеңімпазы ғана емес, ол сонымен қатар мықты кәсіпкер де. Ол банк құрылымын басқарады. Қайырымдылық шараларына көп қатысады, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Байқауға қатысушылардың барлығы демеушілерден сыйлықтар алды. Сонымен қатар оларға Пьер Карденнің жетекшілігімен өтетін «Universe Beauty 2019» сұлулық, сән және дарын байқауына қатысу үшін 50 000 доллардың сертификаттары берілді.
www.24.kz