Қыс қамсыздықты көтермейді
Қызылордада күшті жел тұрса, қалпағын жел айдаған пақырдай, үйлердің қаңылтыр шатырларының қағазша ұшуы тұңғыш емес. Кәдімгідей көз үйреніп, бірақ көңіл қоңылтақсып қалатын ғадетке айнала бастаған. Шиеліде де шатырдың «шайқалуымен» қазір біреуді таң қалдыру бос әуре. Тамыры шіріген діңгегі жуан ағашты...