Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды

Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды

Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылдыОқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, баланы елге қайтару шаралары 6 ай бойы жүргізілді. Осы кезеңде тиісті мемлекеттік органдар арасында келіссөздер өтіп, грузин тарапының құзырлы мекемелерімен байланыс орнатылды. Қажетті құжаттар рәсімделіп, барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес жүзеге асырылды. Қыз балаға психологиялық қолдау көрсетіліп отыр. Сондай-ақ, бүгінде баланың мүддесі ескеріліп, заңнама талаптарына сәйкес оны отбасына орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр.
«Баланың құқықтарын, қауіпсіздігін және жеке өмірінің құпиялығын қорғау мақсатында оның дербес деректері мен оқиғаға қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді», делінген хабарламада.
Еске салайық, әрбір баланың құқығы мен заңды мүддесі ел ішінде де, шетелде де мемлекеттің қорғауында тұр.

10 наурыз 2026 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930