Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетісу облысында 3000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында 3000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында 3000 гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылдыЖетісу облысындағы ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазады Egemen.kz. Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті «А» ЖШС-і жер учаскесін нысаналы мақсатта пайдаланбағанын анықтаған. Ақсу ауданында орналасқан учаскенің ауданы 2910,0 га құраған. «Тексеру нәтижесінде Жер кодексінің 92-бабының бұзу фактілері анықталды, оған сәйкес ЖШС бір жыл мерзімге орындау үшін міндетті нұсқама берілген еді. ЖШС-ға шығарылған ұйғарымның талаптары орындалмады. Осыған байланысты департамент Ақсу аудандық сотына ЖШС қатысты әкімшілік шараларды қолдану туралы талап арыз жолдады», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.  Сот қаулысымен ЖШС-ға 1 млн 292 мың теңге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
15 тамыз 2024 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930