Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БҚО-да құны 250 млн-нан асатын жерлер заңсыз берілген

БҚО-да құны 250 млн-нан асатын жерлер заңсыз берілген

Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасы мемлекет меншігіне 253 млн теңге тұратын көлемі 332 гектар жер телімін қайтарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан прокуратурасы талап арызының қаралуы бойынша мемлекет қорына шаруа қожалығын жүргізуге бөлінген 216 гектар жайылымдық жер қайтарылған. Тексеру кезінде жер телімінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып берілгені анықталған, сонымен ол өз мақсатында пайдаланылмаған.

Батыс Қазақстан облысының арнайы мамандандырылған экономикалық сотында прокуратураның талап арызы қанағаттандырылып, 2017 жылғы келісімшарт заңсыз деп танылды.

Облыстық соттың қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
08 желтоқсан 2023 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930