Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 мемлекеттік қызметкер алаяқтардың құрбаны болды

12 мемлекеттік қызметкер алаяқтардың құрбаны болды

фото: polisia.kz

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді суреттері арқылы бопсалаған алаяқтар тобы анықталды. Шенеуніктердің бірі полицияға көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Соттың мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желідегі аватарларына сұлу қыздардың суреттерін қойып, жалған парақшалар ашқан. Сонан соң сол қыздың атынан ер адамдармен әңгіме-дүкен құрған. Уақыт өте келе алаяқтар жалаңаш суреттер жіберіп, шенеуніктен де сурет жіберуін сұраған.

Кейін бұл іске банданың басқа мүшелері қосылған, олардың міндеті ақша бопсалау болған. Олар шенеуніктердің суретін көпшілікке жария етеміз деп қорқытып, картасына ақша аударуды талап еткен.

Қызылорда облысында 12 мемлекеттік қызметкер алаяқтардың құрбаны болды.

Тергеуден кейін 11 жәбірленуші ақшасын қайтарып алғаны белгілі болды: олар азаматтық талап қоюдан бас тартты. Жалғыз Б есімді жәбірленуші кері қайтарылған 500 мың теңгені алмай, бопсалаушыларды сотқа беруге шешім қабылдады.

Сот отырысында сотталушылардың кінәсі дәлелденді, алаяқтар кінәсін мойындады.

Үш сотталушыға қатысты сот үкімі шығып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарымен кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ үкімді орындау кезінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сотталушылардан 500 000 теңге көлеміндегі залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
14 қараша 2023 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031