
Әкемді мүгедек қылған ешкі шайтан ба?
Әкем өмір бойы шопан болды. Ол бір аяғын сылтып басатын. Кішкентай кезімде оның неліктен аяғын сылтап басатынын сұрағанымда «ешкінің әлегі ғой» дейтін. Оның мәнін түсінбесем де үлкен кісіше «е» деп қоятынмын. Мектепті совхоз орталығындағы интернатта жатып оқыдым. Совхоз орталында әкемнің достары мен туыстары...