Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Instagram – соңғы 1 жылдағы қолданушысы ең көп әлеуметтік желі

Instagram – соңғы 1 жылдағы қолданушысы ең көп әлеуметтік желі


Instagram мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арасында соңғы 12 айдағы қолданушысы ең көп үздік желі атанды. Бұл туралы Business Insider интернет басылым хабарлады. Жарияланған рейтингтегі мағлұматтар бойынша, Instagram желісіне 1 жылдың ішінде барлығы 300 миллион жаңа аккаунт тіркелген. Осы көрсеткішпен ол бірінші орынға жайғасты. Ал одан кейінгі кезекте бір жылда жаңа 228 миллион қолданушысын қатарына қосқан Facebook тұр. Үздік үштікке адамдар арасында күнделікті белсенді хабарлама алмасу үшін қолданылатын WhatsApp мессенджері енді. Оған бір жылда 200 миллион адам тіркелген. Осылайша, бұл рейтингтің алдыңғы үштігіне Facebook компаниясына тиесілі желілер жайғасты. Марк Цукербергтің жоспары бойынша жұмыс жасайтын желілер бір-бірімен тығыз байланыс жасайды. Ал одан кейінгі кезекті салыстырмалы түрде әлдеқайда аз көрсеткішпен Snapchat (15 миллион аккаунт), бестіктіктің қатарын Twitter (9 миллион аккаунт) толықтырды. Сонымен қоса, Instagram 2010 жылдан бері App Store онлайн дүкенінде ең көп жүктелген қосымшалар қатарында. Нақтырақ айтсақ, төртінші орында тұр. Бұл рейтингте көш басында Facebook қосымшасы болса, одан кейінгі орындарда Messenger және YouTube қосымшалары орналасқан.

Massaget.kz
11 тамыз 2018 ж. 2 281 0