
Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең қымбат табыс табатын 100 спортшының жаңа рейтингін құрастырды. Онда атлеттердің жарты жылда тапқан табысы көрсетілген. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде 72-орында тұр. Басылым мәліметінше, соңғы 12 айда GGG 25 миллион доллар табыс тапқан. Бұл қаражаттың 23 миллионы – соңғы өткізген екі жекпе-жектен түскен табыс, ал қалғаны жарнамадан түскен қаржы. Бұл тізімге тағы үш боксшы енді. Спорттық мансабын аяқтаған Флойд Мейвезер 285 миллион доллар табыс тауып, рейтингте көш бастады. Сауль Альварес 15-орында (44,5 миллион), ал ұлыбританиялық Энтони Джошуа (39 миллион) 25-орынға жайғасты. Толық тізімді мына жерден көруге болады. Forbes рейтингінің үздік ондығы: Флойд Мейвезер (бокс) - 285 миллион доллар (275 миллионов - жалақы, 10 миллионов - жарнама); Лионель Месси (футбол) - 111 миллион (84+27); Криштиану Роналду (футбол) - 108 миллион (61+47); Конор МакГрегор (аралас жекпе-жек) - 99 миллион (85+14); Неймар (футбол) - 90 миллион (73+17) ЛеБрон Джеймс (баскетбол) - 85,5 миллион (33,5+52); Роджер Федерер (теннис) - 77,2 миллион (12,2+65); Стефен Карри (баскетбол) - 76,9 миллион (34,9+42); Мэтт Райан (америкалық футбол) - 67,3 миллион (62,3+5); Мэттью Стаффорд (америкалық футбол) - 59,5 миллион (57,5+2).
24.kz