Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Facebook онлайн-танысу қызметін іске қосады

Facebook онлайн-танысу қызметін іске қосады

Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушыларға өмірлік серігін табуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосады. Бұл туралы F8 конференциясында компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-қа сілтеме жасап.
«Facebook-та 200 миллион адам өздерін жалғыз деп есептейді, сондықтан бұл жерде айналысатын ауқымды жұмыс бар. Жаңа функция нақты әрі ұзақ қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі және бір түндік байланыстарға арналмаған», - деді Цукерберг.
Онлайн-танысу қызметі бірнеше айдан кейін іске қосылады. Бұл туралы Facebook-тің бас маманы Крис Кокс мәлімдеді.
Facebook-тың жаңа функциясы әлеуметтік желілерде пайдаланушылар уақытын арттырып және бәсекелестер үшін маңызды мәселе болады.
Цукербергтің мәліметінен кейін Tinder онлайн-танысу қызметінің акциясы 18 пайызға азайып, ІАС шамамен 14 пайызға төмендеген.
02 мамыр 2018 ж. 1 013 0