Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Бүгінгі билік қаншалықты ашық?

Бүгінгі билік қаншалықты ашық?

ÐүгÑÐ½Ð³Ñ Ð±Ð¸Ð»Ñк ÒанÑалÑÒÑÑ Ð°ÑÑÒ?
Жергілікті атқарушы билік ашық болуы тиіс.

Осы орайда елімізде арнайы пилоттық модель енгізіледі. Жаңашылдық өңірлердің сәтті тәжірибесін негізге ала әзірленбек. Бұл туралы елордада өтіп жатқан республикалық семинар-кеңесте айтылды. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мұрындық болған. Билік пен халықтың арасын азаматтық қоғам мен БАҚ жақындатады. Соңғы жылдары елімізде әмбебап интернетке екпін берілуде. Есесіне дәстүрлі ақпарат құралдары ығыстырылып келеді. Семинар-кеңесте сөз алғандар тұщымды, тексерілген ақпарат тарататын баспасөзді қолдау қажеттігін айтып өтті.

Бекзат Рахимов, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры:

– Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ақпараттық ашықтық бар. Олар бүгінгі семинар-кеңесте өз тәжірибелері жайлы айтады. Жалпы халықпен тығыз байланыс орнату маңызды. Біз азаматтық қоғамның көмегімен қордаланған мәселелерді анықтап, бірге жұмыс істейтін боламыз.

24.kz
---
24 маусым 2019 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031