Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауды «Аманат» қадағалайды

Сайлауды «Аманат» қадағалайды



Жуырда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық қоғамдық платформасы аясында тәуелсіз бақылаушыларға тренинг өткізді.
Кезектен тыс Президент сайлауының елімізде әділ, талапқа сай өтуін «Аманат» азаматтық платформасы қадағалайды. Қазақстан Республикасының қоғам белсенділері осыны ескеріп, «Аманат» азаматтық платформасын құрды. Тренингтің мақсаты — алдағы өткелі жатқан сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу, сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға үйрету болып табылады.
Тренингті «Аманат» азаматтық платформасындағы бірінші бағыттың, яғни, «Теңдіктің» кураторы Жанар Алтынбаева жүргізді. Сонымен қатар шарада кандидаттың сайлау штаб-пәтері және өзге де сайлауға қатысты аймақ­тар­да заң бұзу фактілері тіркелсе, онда қандай әрекеттер жасау керектігі туралы кеңестер берілді. Бұдан соң штабтың аудандағы өкілдеріне сайлау барысында мониторинг жасаудың тәртібі түсіндірілді. Сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың 5 негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленгендігін айтып, нақтырақ түсіндіріп берді. Біріншісі – теңдік, бұл қоғамдық мониторинг жүргізу кезеңдеріне бағытталады. Екіншісі – саналы таңдау. Сайлау мерзімін және заңдық процестер туралы сайлаушыларға түсіндіру. Ал үшінші бағыт – әділдік. Әлеуметтік желіде әрбір сайлау бөлімшесі бойынша тәуелсіз бақылау жүргізіліп, оның барысы жарияланып тұруы қажет. Одан кейінгі төртінші бағыт – сайлау туралы барынша ашық ақпарат беріп, журналистерді, сарапшыларды, және бұқара пікірін қатыстыру керек. Соңғы бағыт – сенім. Бұл мемлекет пен қоғамның сенімді жүйеде бірлесіп жұмыс істеуіне негізделген бағыт.
Қоғамдық бірлестік сайлауды өткізуге дайындықты бақылап, сайлаушылардың өз құқықтары жайында хабардар болуын, сайлаудың адал және ашық өтуін назарға алады. Олардың айтуынша, барлық бағыттар бойынша халықаралық ұйымдармен, орталық сайлау комиссиясы, жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларымен, жоғарғы сотпен, жергілікті атқарушы органдармен, бас прокуратурамен, кандидаттардың сайлау алдындағы штабымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық және азаматтық сектор өкілдерімен ынтымақтастық құрылады. Сондай-ақ барлық қатысушыға «Аманат» азаматтық платформасында дайындалған «Бақылаушы блокноты» берілетін болады.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
21 мамыр 2019 ж. 1 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930