Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жат ағымға жастар қас

Жат ағымға жастар қас



Қызылордада діни экстремизмнің алдын алу мақсатында семинар-тренинг өтті.
Семинар Қазақстан Республика­сының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес өткізіліп, оған ҚР АҚДМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы Жарас Аханов қатысты.
Шарада Жарас Аханов өңірлік ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері және дін мәселелерін зерттеу орталығы мен жастар ресурстық орталығының мамандарына деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларымен күресудің тәсілдерін жетілдіру жолдары туралы тәжірибесін ортаға салды.
«Радикалдармен күресте қазақ елінің Еуразия кеңістігіндегі алып империяның мұрагері екенін санаға сіңіріп отыру маңызды. Осының арқасында бойында ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімі артып, басқа жұртқа еліктемейтін болады. Осылайша ата-бабаларына деген сағынышты оятып, олардың ерлік, жо­марттық, білім және басқа да сүй­кімді сипаттарымен көптеп мақтау қажет», – дейді Жарас Аханов.
Семинар барысында облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов өңірде десту­рктивті діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру жөнінде ойларын ортаға салып, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті. Ал, облыстық жастар басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов жат ағымдардың теріс идеологияларына қарсы тұруда аймақ жастарының бел­сен­ділігін арттыру қажет екендігін атап көрсетті.
«Өскен өңір» ақпарат.
07 маусым 2019 ж. 848 0