Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алау» – жас мамандар мектебі

«Алау» – жас мамандар мектебі


Ә.Тәжібаев ауылында №214 мектептің ұйымдастыруымен «Алау» жас мамандар мектебі құрылды. Тұсаукесер рәсімінде жас мамандар халыққа адал қызмет етуге, заман талабына сай білім беруге, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуға ауыл ардагерлері мен сала басшыларының алдында ант қабылдап, «Жастар – жарқын болашақ» тақырыбында өз өнерлерін көрсетті. Сонымен бірге, ауыл орталығындағы «Нұрсейіт» мешітін ауыз суға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, имам Р.Секеровтің батасын алды.
Жас мамандар мектебінің тұсаукесерінде оқушылар арасында өткен «Мамандығым – мақтанышым» ғылыми жобасының қорытындысы айтылды. Жобаға қатысушылардың жұмысын сараптау үшін сала басшылары мен ардагер ұстаздар Р.Раева, Х.Тұсынбетов, Г.Рысманова, Г.Сапар қазылық етті. Жеңімпаздарды мектеп директоры Ү.Ахметов марапаттады. Ал, ауыл әкімі Ә.Сәрсенбаев қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген С.Шармаханов, Л.Досанова, Д.Жапбасбаева, М.Жаханова, Ж.Сүлейменова сынды жас мамандарға алғыс хат табыстады. Іс шараны ұйымдастырған мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары М.Сапаров ауылдағы басқа да жас мамандарды клубқа мүше болуға шақырды.

Дана Жапбасбаева.
12 наурыз 2019 ж. 1 088 0