Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсекені арттырған байқау

Бәсекені арттырған байқау


Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінде қаңтар айының 31-ші жұлдызы күні мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Д.Ү.Алшынбаеваның ұйымдастыруымен мектепішілік әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жандандыру мен қолдау мақсатында ұйымдастырылған "Үздік әдіс бірлестік-2019" байқауы өтті. Аталған байқауда алты бірлестік қатысты. Бас жүлдені "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бірлестігі иемденсе, І-ші орынды Жаратылыстану пәні бірлестігі, ІІ-орынды тарих пәні бірлестігі және гуманитарлық бағыт бірлестігі, ІІІ-орынды бастауыш сынып бірлестігі мен денешынықтыру пәнінің бірлестіктері алды. Байқау соңында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Қ.Сәрсенбаева мен Ә.Тәжиева жеңімпаздарға марапаттар табыстай отырып, байқаудың жоғары дәрежеде өткендігі жөнінде айтып өтті. "Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады" дегендей мектебіміздің мұғалімдері өздерінің жан-жақты екендіктерін осы байқауда көрсете білді.

Ғафур Мұхамеджанов фейсбугінен алынды.


01 ақпан 2019 ж. 2 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930