Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт елдің бірлігі

Бейбіт елдің бірлігі

Бейбітшіліктің таңы атып, азаттықтың жалауы желбіреген Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты этнос жастары арасында байқау өтті. Аталмыш шараны «Ауданда мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шиелі-Бірлік» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Мемлекеттік тілдің мерейін көтеріп, қазақ тілінің тұ­ғырын асқақтата түсетін – жастар. Сондықтан, жас­тардың көп тілді меңгеруімен қатар қазақ тіліне деген құрметін арттыру маңызды мәселе. Осы орайда, өткізілген байқауға 8 ұлт өкілінен 16 жас қатысты. Үш кезеңнен тұратын байқау шартының алғашқысы үміткерлердің өзін қазақ тілінде таныстыруы. Одан соң, патриоттық әндер мен қара өлеңді нақышына келтіріп орындаса, үшінші кезеңде ел тәуелсіздігі жайлы сұрақ-жауап алынды. Көпұлтты бір шаңырақ астына біріктіріп, тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан қазақ елінің қасиетті мерекесі қарсаңында өткен байқауда І орын Ясмин Тулешоваға бұйырса, ІІ орын Елизавета Есмаеваның еншісінде. Ал, келесі жүлдені Тен Владислав иеленді.
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.

23 желтоқсан 2018 ж. 1 211 0