Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа тігін цехы

Жаңа тігін цехы


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Бидайкөл ауылындағы клуб үйінен тігін цехы ашылды. Бұл – кент ішінде орналасқан Береке сауда орталығындағы «Тоғжан» тігін шеберханасының филиалы.
Кент орталығындағы цехта 13 адам жұмыс жасаса, жаңа кәсіптік нысан 5 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
– Биылғы жыл облыс бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы ретінде аталды. Соның аясында біршама шағын кәсіпорындар ашылды. Тігін шеберханасы әр ауылға керек-ақ. Жалпы, кәсіпкерлік нысанның клуб үйінің ішінен ашылғаны құптарлық іс. Өзге ауылдардағы мәдениет ошақтарының бос бөлмелерін де ел игілігіне жаратар пайдалы орындарға айналдыру қажет, – деді аудан әкімі Ә.Оразбекұлы. Шеберхананың лентасы салтанатты түрде қиылып, жиналғандар кәсіпкер Тоғжан Мұсаеваға сәттілік тіледі.

Хан СӘБИТ.
30 желтоқсан 2018 ж. 3 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930