Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айқынның алар асуы алда

Айқынның алар асуы алда



Сыр мен жырда ұқсастық бар іспетті. Киелі Шиелі топырағы талай ақындарды толғатқанын тарихтан жиі аңғарамыз. Кешегі Нартай Бекежанов, Махамбетқали Тұрсанов, Кенжебай Жүсіповтердің орынын жоқтатпайтындай ауданымызда ақындар мектебі нәтижелі жұмыс жасауда. «Нартай» өнер мектебінің ақындар сыныбының тәрбиеленушісі Айқын Төлеген Түркістан облысынан жүлдемен оралды.

Ақындық Алладан берілетін асыл қасиет. Десек те, оқуды, жаттауды, тарихты, әдебиет пен мәдениетті жетік білуді талап етеді. Жас күндегі тәрбие – жас шыбықты игендей. Бала күнінен өлең шығаруға, домбыра шертіп, айтысуға талаптанған жас­тарды тәрбиелеу атадан балаға жалғасқан мұра. Бір кездері тапқыр ақын Кенжебай Жүсіпов бүгінгі жүйріктер Мейірбек Сұлтанхан мен Ержан Әміровтерді осы ақсүйек өнер түріне баулыған болатын. Аудандағы «Нартай» өнер мектебінің ішінен ашылған «Махамбетқали Тұрсанов» атындағы ақындар сыныбы өз жемісін бере бастады. Сол ізді жоғалтпай Ержан Әміров ауданның жас ақындарын тәрбиелеуде. Түркістан облысында «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты аймақтық оқушылар айтысында Айқын Төлеген жүлделі II орынды еншіледі. Тек бұл ғана емес, жас ақындарымыз Жалағаш ауданында, Қызылорда қаласында өткен додаларда топ жарып, ауданның абыройын асқақтатуда. Оларды алдағы уақытта республикалық, халықаралық сөз додаларында көреміз деген сеніміміз мол. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ақындарымызға сәттілік тілейміз.
22 желтоқсан 2018 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930