Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ БАЛҒА ҚАТЫСТЫ

ЕЛБАСЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ БАЛҒА ҚАТЫСТЫ



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕХРО конгресс орталығында өткен Астанадағы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы кешке қатысу­шыларға арнаған сөзінде Жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен ба­қытты болашаққа деген үміт сыйлайтынын атап өтті.
– Өтіп бара жатқан жыл жар­қын және ауқымды оқиға­ларымен есте қалады. Қысқы Универсиада мен халықаралық ЕХРО – 2017 көрмесі қазақ­стан­дықтарға және шетелдік қонақтарға спорт пен техноло­гияның тамаша мерекесін тарту етті. Біз Ислам Ынты­мақ­­тастығы Ұйымының сам­ми­тін жоғары деңгейде өткіз­дік, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде еліміздің бейбіт бас­тамаларын ілгерілету мә­селе­леріне және алдағы жылы Қазақстанның осы халықара­лық ұйымға төрағалық етуінің перспективаларына ерекше тоқталды.
– Бұл – әлемнің екі жүзге жуық елінің жас мемлекетке біл­дірген айрықша сенімі. Ке­лесі жылы Қазақстанда әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының съезі, Азия­дағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, сондай-ақ басқа да көптеген маңызды іс-шаралар өтеді. Бұл жеңістердің бар­лығы – әрқайсымыздың күш-жігеріміз бен қажырлы еңбегі­міздің нәтижесі. Әрбір азама­ты­мыз Қазақстанның жетіс­тік­теріне қатысы бар екенін сезінгені маңызды, – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кешке қатысушы­ларды келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор ден­саулық, қуаныш пен шаттық тіледі.
– Бәріміздің үйіміз мейірім шуағына бөленіп, бақ-бере­кеге толы болсын! – деді Қа­зақстан Президенті.
Жаңажылдық балды өткі­зуден түскен қаражат қайы­рым­дылық мақсатқа бағыт­талатын болады.
30 желтоқсан 2017 ж. 1 034 0