Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеуге мұғалімдер де қатысуы тиіс –

«Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеуге мұғалімдер де қатысуы тиіс –



«Аймақтардағы білім басқармаларын жергілікті әкімдіктен ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзіретін өткізу керек». «Зияткер-Ұстаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоғары санатты ұстаз Өмір Шыныбекұлы Елбасының Қазақстан халқына жолдауын тыңдап, сондағы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу тапсырмасына қатысты осындай пікір білдірді. Ол аймақтағы Baq.kz тілшісіне берген сұқбатында «Педагог мәртебесі» туралы заңға енгізілуі тиіс баптарды да ұсынды.

Педагогтің мәртебесін айқындайтын заңға мынадай баптар енгізілуі тиіс:
1. Білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзіретіне өткізіп алуы керек. Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабына қосымша ретінде, «Мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккен шенеунік «Адамды құлдықта ұстаған қылмыскермен" теңестіріліп, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс» деп көрсету керек.
2. Мұғалім қауіпті мамандық болып қалды. Сондықтан, мұғалімге қол жұмсаған адамға құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген адамға тағайындалатындай жаза қолданылуы тиіс.
3. Бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат БАҚ бетінде жариялануы тиіс. Сонда, мұғалімдер мен ата-аналардан мектепті жөндеуге ақша жинау қиынға соғады» деген белсенді ұстаз өз сөзінде «Заң жобасын әзірлеуге қатардағы мұғалімдер де тартылуы тиіс» дей келе, ұсыныс болса «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» ретінде жұмысшы топқа кіруге дайын екенін мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, заң жобасын БАҚ беттерінде жариялап, ашық талқыға салуды ұсынды.


06 қазан 2018 ж. 1 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930