ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Кеше аудандық «Арман» мәдениет үйінде облыс әкімінің өкімімен құрылған облыстық ақпараттық топ мүшелері Елбасымыздың биылғы жылғы 10 қаңтарда бұқаралық ақпарат құралдарында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін түсіндіру мақсатында Шиеліауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Ә.Оразбекұлы Жолдауының негізгі басымдықтарын және Жолдаудан туындайтын міндеттерге тоқталып, Жолдау мен стратегиялық бағдарламаларды жергілікті тұрғындарға түсіндіру мақсатында құрылған облыстық ақпараттық топ жетекшілерінің аймақта жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Бұл маңызды жиынға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Қ.Қасымов, «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Жалғасбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қарабалаев, Қазақтелеком» АҚ филиалының оңтүстік өңіраралық телекоммуникациялар дирекциясы басшысының орынбасары С.Серікбаев, Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ж.Дүзелбаева, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Д.Тілеуов қатысты.
#Қызылордаоблысы
#Шиелі
#Шиеліауданы
Шиелі Аудан Әкімдігі ФБ парақшасынан