Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП ӨКІЛДЕРІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА...

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТОП ӨКІЛДЕРІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА...

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауы мен Стратегиялық бағдарламалардың орындалуын аймақ тұрғындарына түсіндіру мақсатында аудандық "Арман" мәдениет үйінде Шиелі ауданы тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге аудан әкім, "Нұр Отан" партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Ә.Оразбекұлы және облыс әкімінің өкімімен құрылған облыстық ақпараттық топ мүшелері «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И. Құттықожаев, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Қ. Қасымов, «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Жалғасбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қарабалаев, Қазақтелеком» АҚ филиалының оңтүстік өңіраралық телекоммуникациялар дирекциясы басшысының орынбасары С.Серікбаев, Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ж.Дүзелбаева, «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Д.Тілеуов және ауыл тұрғындары қатысты. 
Жиын барысында Ақпараттық топ мүшелері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауы аясында баяндамалар жасап, тұрғындар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

29 қыркүйек 2018 ж. 917 0