Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндеттер жолындағы қызмет

Міндеттер жолындағы қызмет



Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі ел арасында қызу қолдау табуда.
Аудан басшысы Ә.Оразбекұлының да айтылған құжаттарды ел ішінде насихаттап, түсіндіріп отыру күн тәртібінен түскен емес.
Бұл жолы да осы мақсатты көздеген Ә.Оразбекұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет «Сауда көлік компаниясы-Шиелі филиалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Жолдаудың негізгі басымдықтарын және бес әлеуметтік бастамадан туындайтын міндеттерге тоқталып, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Шара соңында жиынды қорытындылаған мекеме директоры Н.Сүлейменов аудан басшысы Ә.Оразбекұлына алғысын білдіріп, аталған мекеме қызметкерлерінің Елбасының саясатын қолдайтындығын, Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолында қызметін аямайтындығын жеткізді.

Е.ДАТҚА.
24 сәуір 2018 ж. 775 0