Кездесу орны – Көкшоқы
Басты мақсат, міндеттер мен басым бағыттар айқындалған Жолдауда Президент еліміздің әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын атап өтіп, әрбір міндеттің нақты даму жолын көрсетті. Әрбір жарияланған Жолдауда Елбасы айқындаған жоспар-стратегиялар, батыл шешімдер, қалыптасқан дағдарыс жағдайында егемендікті, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, өндірісті тұрақтандыру, экономикалық байланыстарды күшейту және Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделін арттыру жөніндегі батыл шаралар болып, тәуелсіздігіміздің шынайы нығаюына негіз болып келеді.
Міне, осы тақырып бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты «ГРЭ-23» Бастауыш партия ұйымында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіруге бағытталған мекеме ұжымымен кездесу өтті.
Жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкім Әшім Оразбекұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, "Волковгеология" акционерлік қоғамы «№23 геологиялық барлау экспедициясы» филиалының директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуаныш Мұратбекұлы, мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Елбасының биылғы «Төртінші» өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының 10 бағыты мен бес әлеуметтік бастаманы түсіндірген П.Маханбет шараның мән-маңызына тоқталып, ашып берді.
Мұнан соң аудан басшысы көпшілікке Жолдауда жүктелген міндеттерді аталған бес бастамамен ұштастыра отырып баяндады.
–Он басым бағыттан тұратын Жолдауда мемлекетіміздің алдында жаңа технологияны енгізу арқылы ел дамуына ерекше серпін беретін маңызды міндеттер айтылды, – деген әкім өнеркәсіп орындарының өндіріске тың технологияларды енгізу жаңарған заманның жаңа талабы екендігін айтты. Сөйтіп,аудан басшысы Жолдаудың негізгі басымдықтарын және бес әлеуметтік бастамадан туындайтын міндеттерге кеңінен түсіндіріп, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, бес әлеуметтік бастама отандық экономиканың нақты есебі жасалған мүмкіндіктері бойынша қарастырылғанын және ауданның дамуына жаңаша серпіліс беретіндігін атап өтті.
Жиында «Волковгеология» акционерлік қоғамы № 23 геологиялық барлау экспедициясы жұмысшылары Елбасының сындарлы саясатын бірауыздан қолдайтынғын білдіріп, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Сұрақтарын жолдап, тұщымды жаупатар алды.
Дина ЖҮСІПОВА.