Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенші кандидаттығы ұсынылды

Кенші кандидаттығы ұсынылды


«Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді», – деп өз ойын ортаға салды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет Елбасының биылғы жолдауынан сөз қозғады.
«Елбасы Жолдауы – ел экономикасын жаңа нарықтық сапаға көтеріп, әлеуметтің әлеуетін әлді етеді. Нақты іске асуы тиіс іргелі бастамалар бар. Алда айқын бағыт, ауқымды міндет тұр. Басымдық беретін салалар да белгіленді. Отандық ғалымдардың сөзінше, маңызды құжат – жаһандық бәсекеге қабілеттілікті төмендетпей, 30 дамыған елдің сапына тұрып, санатына қосылудың алғы шарты», – деді сөз соңында П.Шәймерденқызы.
Міне, бұл жолдар аудан әкімінің төрағалық етуімен өткен «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудан­дық филиалының XXІІІ конференция­­сында П.Маханбеттің жасаған баян­дамасында айтылды. Конферен­цияға облыстың бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, аудандық партия филиалы саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, «Жас Отан» жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында өткен осынау шара барысында екі мәселе қаралды. Алғашқысы жоғарыда келтіргеніміздей, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау, жүзеге асырудың негізгі мәселелерін қоғам өкілдерімен бірге талдап, айтылған ұсыныс-пікірлерді ортақ оймен қорытындылау, оны халыққа жеткізу болды.
Мұнан кейін №2 «Жөлек» сай­лау округі бойынша Шиелі аудандық мәслихат депутаттығына үміткер «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл филиалының директоры Мұхамеджан Салқынбаев таныстырылып, делегаттар тарапынан бірауыздан мақұлданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Дина ЖҮСІПОВА.
25 ақпан 2018 ж. 989 0