Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ МЕН ҮНДЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОЛДАУ МЕН ҮНДЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі ел арасында қызу талқылануда.


Жолдауда жүктеген міндеттерді тұрғындарға түсіндіріп, оны насихаттау мақсатында аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет «Сауда көлік компаниясы-Шиелі филиалы» жауапкершілігі шектеуші серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Ә.Оразбекұлы Жолдауының негізгі басымдықтарын және бес әлеуметтік бастамадан туындайтын міндеттерге тоқталып, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Кездесу соңында жиынды қорытындылаған «Сауда көлік компаниясы-Шиелі филиалы» жауапкершілігі шектеуші серіктестігінің директоры Сүлейменов Насыр аудан әкімі Әшім Оразбекұлына алғысын білдіріп, барлық қатысушыларды көпшілік ортада Елбасы Жолдауын насихаттап жүруге шақырды.


Шиелі ауданы әкімдігі
18 сәуір 2018 ж. 1 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031