Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ZHAS PROJECT» – жаңа серпіліс

«ZHAS PROJECT» – жаңа серпіліс

Рауан Сейдахметов:
Менің қолға алған жобам «Ешкі сүтін өндіру фермасы. Мен осы жобам арқылы қазақ елінің атадан келе жатқан дәстүрі мал шаруашылығы арқылы алға қойған мақсатыма қол жеткізгім келеді. Ешкі сүті құрамы жағынан сиыр сүтінен үш есе жоғары болады. Асқазан, жүрек, бүйрек ауруларына таптырмас ем. Тағы бір ерекшелігі ана сүтін алмастыра алатын қасиетке ие. Жоба Тартоғай
ауылында іске асырылып, алты ай шеңберінде тегін қызмет көрсетеді. «Zhas project» жобасымен әлеуметтік желілер арқылы танысып, осы жобаны жүзеге асыруды ойыма алдым. Оған арнайы топ құрып, әр этаптарынан өтіп, кезең бойынша жеңіп шықтым. Өсем деген жасқа, осындай жақсы мүмкіндіктер мен қолдау көрсеткені үшін сондай-ақ, болашаққа сеніммен қадам жасауға себепші болған «Zhas project» жобасына алғысымды білдіргім келеді.
Гүлмира Әлиева:
Менің жобамның тақырыбы «Тоқыма шеберханасы». Тоқыма өнері қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған өнер. Ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып келе жатқан бұл өнерді жас буынға насихаттап, осы жоба аясында жаңғыртқым келеді. Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде, ұлттық салт-дәстүрімізді ұмытпай атадан балаға мұра ретінде жалғасып жатса, жас ұрпаққа тигізер үлесі зор болар еді. Осы жоба арқылы аудандағы əлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жетімдер, жартылай жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасылардың балаларын тоқыма өнерімен сусындатып, болашаққа деген сенімдерін нығайтып, өмірден өз орындарын табуына себепші болғым келеді. Бастысы, айқындалған жоспарым болған соң, одан әрі қарай кәсібімді дамытып, бір жолға түсіп жатса, оны өркендетіп, дамытуды да көздеп отырмын.

Әзірлеген:
Жұлдызай Ноғайбайқызы.
22 тамыз 2018 ж. 1 502 0