Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Zhas project» жаңа серпіліс

«Zhas project» жаңа серпіліс

«Zhas project» жұмыссыз жастарға арналған таптырмас мүмкіндік. Аталмыш жоба аясында кәсіпкерлік те құлашын кеңге жаймақ. Нақтырақ айтар болсақ, ауданға жаңа серпіліс, жастарға тың идея тудырады. Игі бастама алғаш рет қолға алынса да нәтиже көңіл қуантады. Ұсынылған 80 жобаның 30-ы үздік деп танылған. Алдағы нөмірлерде осы үздік жобалардың иелерін таныстыратын боламыз.
Сандуғаш Үсенова:
Менің қолға алған жобам «Робототехника курсын» ашу. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы, келесі буындардан жоғары білікті техникалық кадрларды дая­рлауды талап етеді. Техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу: логикалық ойлауына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал етеді. Осыған орай, робототехникаға оқыту оқушыларға 21 ғасырдың жаңа техника мен технологиялық жетісіктерімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл жоба бастапқы алты айда тегін жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ІТ-технологияның қыр-сырын меңгеріп, келешекте сұранысқа ие маман болуды көздеген оқушылардың біліктілігін арттыру мақсатында қызмет атқарады.



Татьяна Нуштаева:
Менің жобам «Әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық» ашу. Балалар саны шектеулі. Аталмыш жоба іске қосылған сәтте балаларды жинайтын боламыз. Орталықта қол өнері мен сурет салу үйірмесі жұмыс жасайтын болады. Жалпы, «Zhas project» жобасы қиялыма қанат бітіріп, көмекке мұқтаж жандарға арналған тегін қызмет көрсететін орталық ашуға мүмкіндік сыйлады. Бастысы мақсат айқын, жоспар бар. Ал, оның жүзеге асуына жастар ресурстық орталығы мен оның директоры
Айдана Маманова көп қолдау көрсетті. Алдағы уақытта арнайы курстан өтіп, кәсіптің көзін тауып, ісімізді өрге домалатудың тәсілдерін жетік меңгеретін боламыз.

Г.ДҮЙСЕБАЕВА.
06 тамыз 2018 ж. 1 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930