«ZHAS PROJECT» – жаңа серпіліс
Жансая Нармағанбетқызы:
Менің жобамның тақырыбы «Ағылшын тілі- XXI ғасырдың тілі». Бұл тіл əлемнің көптеген елінде қолданылатын болғандықтан, тілді меңгерсеңіз кез-келген жерде еркін сөйлеуге мүмкіндік ашылады. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап, пəн ретінде міндеттеліп оқытылуда. Бірақ, оны қабылдап жатқан бала кемде-кем. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындардың саны біршама көбеюі керек» – деп айтқан еді. Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Осы жоба арқылы аудандағы əлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жетімдер, жартылай жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы отбасылардың балаларына білім нәрімен сусындатып, болашаққа деген сенімдерін нығайтып, өмірден өз орындарын табуына себепші боламыз.
Ақнұр Нұрмағанбетова:
Ақпараттык құралдары, әлеуметтік желілер аркылы «Zhas project» жобасымен танысып, осы жобаны жүзеге асыруды ойыма алдым. Оған арнайы топ құрып, әр этаптарынан өтіп, кезең бойынша жеңдім. Бәйгеқұм ауылынан «ЖанАй» моншасын ашуды мақсат тұтып отырмын. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге қол ұшын беріп, 6 ай тегін қызмет көрсетіледі. Одан әрі қарай кәсібім дамып, бір жолға түсіп жатса, оны өркендетіп, дамытуды көздеп отырмын. Бастысы айқындалған жоспарым бар. Ендігі кезек – істі қолға алып, дөңгелету. Осы жобаны жүзеге асуына қолдау көрсетіп отырған жастар ресурстар орталығына, аудандык ішкі саясат бөлімдеріне алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта арнайы курстардан өтіп, тренингтерге қатысып, кәсіптің көзін дамытып, ісімізді өрге басатынына сенімдімін.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.