Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ZHAS PROJECT» – жаңа серпіліс

«ZHAS PROJECT» – жаңа серпіліс

«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы биыл елімізде екінші рет жүзеге асырылуда. Былтыр 5 өңірдің жастарына кәсіп ашуға мүмкіндік берген жоба ұйымдастырушылары биыл Қазақстанның 6 аймағын қамтыды. Осының қатарында біздің өңірде бар. Жобаның басты мақсаты – қоғамның әлсіз топтарын жұмысқа тартуға бағытталған 14 пен 29 жас аралығындағы үміткерлер 1 миллион теңгеге дейін грант ұтып алуға бағытталған болатын. Әлеуметтік жобада аудан, ауылдар да жүзеге асырылып қоймай, бөлінген грант бизнес бастаушыға қайтарымсыз беріледі. Бірақ, әлеуметтік жоба грантын жеңіп алған жас жарты жыл халыққа тегін қызмет көрсетеді. Былтыр 2000-нан астам қазақстандық жобаларын ұсынып, 600-ге жуығына қолдау алған болатын. Биыл ауданда 80 жобаның 30-ы үздік деп танылды.
Мөлдір Дүйсенова:
Жобамның негізгі мақсаты – дарияның арғы жағында тұратын Қарғалы ауыл тұрғындарына ағылшын тілін оқыту. Яғни заман талабына сай халықты сауаттандыру, ағылшын тілін түсініп, ойын ашық айта алатын дәрежеге жеткізу болып отыр. Бұл жобаның артықшылығы барлық жастарды қабылдай отырып, әлеуметтік жағдайы төмен, ата-ананың қарауынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі азаматтар тегін оқытылады. Ағылшын тілін жетік үйретіп, біліктілігі мен дамуына ықпал етеді. Кез келген жастар сұранысқа ие маман болуды мақсат тұта отырып, ағылшын тілін білу арқылы қалағанына қол жеткізе алады.


Дана Шорабаева: Менің жобам «Компьютерлік ресурстық орталық» ашу. Қазіргі әлемде компьютерлік технологиялар әрқайсымыздың өмірімізге сенімді түрде енгендіктен Бидайкөл ауылының тұрғындарының компьютерлік сауатын ашуды мақсат етудеміз. Сондай-ақ, интернеттен керек мәлімет алуына, қағаз шығару, көшірме жасау, сканерлеу, электронды почтамен ақпарат алмасу деген секілді қызмет түрлерін үйретіп, көрсету болып отыр. Көмекке мұқтаж жандарға арналған тегін қызмет көрсететін жоба болғандықтан ауыл тұрғындарына үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Сонымен қатар, жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, бала тәрбиесімен үйде отырған аналардың компьютерлік сауатын ашуды мақсат етіп отырмыз.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
07 тамыз 2018 ж. 3 230 0