Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ZHAS PROJEKT» ЖОБАСЫНА ОНЛАЙН ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ

«ZHAS PROJEKT» ЖОБАСЫНА ОНЛАЙН ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ



Облыс көлемінде әлеуметтік және бизнес жобаларды қолдауға және дамытуға арналған «Zhas projekt» жастар корпусын дамыту жобасы басталды.
Мақсаты: жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.
Қатысушылар: Жобаны іске асыру облыстары аумағында тұратын, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар (соңғы алты ай ішінде оқу орнына бармаған оқушылардан басқа).
Басымдықтар: Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастар.
Жоба төрт компонентті қамтиды:
- жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну;
- жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту;
- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;
- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру.
Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады, сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақылар: ЖОО-ның түлектері - 60 000 теңге, қалған барлық қатысушылар – 40 000 теңге алады.
Сонымен қоса, барлық қатысушылар өз жобаларын іске асыру кезінде менторлардың қолдауын алады.
Zhasproject.kz сайтына кіріп, тіркеліңіздер! Тек қана 20 мамырдан 20 маусымға дейін!
БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ: 8-800-080-15-20 (ТЕГІН)
WHATSAPP: +7-700-080-15-20
Қосымша ақпаратты: Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен немесе 23-8-17 байланыс телефон нөмірі арқылы біле аласындар.

24 мамыр 2018 ж. 2 585 0