«ZHAS PROJECT» – жаңа серпіліс
Арайлым Сарыбаева: Менің қолға алған жобам «Ұлттық нақыштағы киімдер мен үй бұйымдарын тігу». Бұл жоба Ә.Тәжібаев ауылында жүзеге асады. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жиырма бірінші ғасырда ұлттық танымымызды сақтап қалуға қатысты ой айтқан болатын. Осы тұрғысында ұлттық нақыштағы киімдерді тігуді мақсат тұттым. Сондықтан, ойымды жүзеге асыру мақсатында ауылдағы халыққа тұрмысына қажетті үй бұйымдарын, яғни құрақ көрпешелер тігу және қазақи қол өнерді дамытып, насихаттау. Ұлттық мәдениет пен ұлттық мүддені дамытып өз үлесімді қосқым келеді. «Zhas project» жобасы қиялыма қанат бітіріп, көмекке мұқтаж жандарға арналған тегін қызмет көрсететін орталық ашуға мүмкіндік сыйлады. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесетін боламыз. Адам саны шектеулі. Ауыл тұрғындары ұлттық нақыштағы киімдерімен үй бұйымдарын өз ауылынан таба алатын болады.
Айым Тілеулиева: Біздің жобамыз «Құс шаруашылығын дамыту» бойынша жүргізіледі. Күнделікті ас мәзіріндегі құс жұмыртқасы мен оның еті ерекше маңызға ие. Құс еті жеңіл қорытылып, протеинге бай, емдік, жеңіл ас ретінде жеуге болады. Құс мамығынан киім, көрпе-жастық өндірісінде пайдаланса, саңғырығы топырақ құнарлылығын арттыратын тыңайтқыш ретінде де кең қолданылады. Жоба барысында көптеген игі шаралар қолға алынатын болады. Алдағы уақытта аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасына және асыраушысынан айрылған отбасыларына көмек ретінде және олардың бос уақытын тиімді пайдалануына септігін тигізетіндей шара жоспарлап отырмыз. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Жалпы алға қойған мақсатымыз жоба барысында келешекте аудан көлемінде құс шаруашылығын дамытуда өз үлесімізді қосып, аудан тұрғындарын сапалы жұмыртқамен қамтамасыз ету.