Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қоғамдық орынды ластаған азамат жауапкершілікке тартылды

Қызылордада қоғамдық орынды ластаған азамат жауапкершілікке тартылды

Қызылорда қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық орынды ластау дерегі анықталып, полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Темекі тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластаған 19 жастағы қала тұрғынының әрекетіне құқықтық баға берілді. Бұл әрекеті үшін азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.
Құқық бұзушылықтың салдары жойылып, ластанған аумақ тазартылды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделген. Сондықтан әрбір тұрғын қоғамдық орындарда тазалық сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауы тиіс.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заң талаптарын орындауын қамтамасыз етудің маңызды негізі. Осы бағытта қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау талаптарының орындалуына полициямен тұрақты бақылау жүргізілуде.
07 қазан 2026 ж. 77 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031