
Тәртіп пен заң бәріне ортақ. Әсіресе, қоғамдық орындарда тазалық және тәртіп сақтау аса маңызды. Наурыз айының 18-20 күндері аралығында Шиелі станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты – Наурыз мейрамы қарсаңында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту әрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Қоғам тынышытығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік таңытып, заңға бағынса құқық бұзушылықтар орын алмайтын болады.
Шиелі ст.ЖПб бастығы полиция подполковнигі
Ғ. Аблаев