Біздің басты капитал – білікті маман, еңбекқор адам
Соңғы жылдары ауданда өндіріс, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс, әлеуметтік инфрақұрылым бағыттарында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Бірақ әкім үшін ең күрделі мәселе – жасалған жұмысты тізбелеу емес, оның халық өміріне нақты әсерін көрсету. Осы орайда аудан әкімі Айтбай Насриддинұлымен ауданның 2025-2026 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалы, нақты нәтижелер, қордаланған мәселелер және алдағы міндеттер жөнінде сұхбаттасқан болатынбыз.– Айтбай Насриддинұлы, бұл жыл ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалармен басталды. Ұлттық құрылтай, Конституциялық өзгерістерге қатысты референдум және жаңа Конституцияның күшіне енуі секілді тарихи үдерістер аудан тұрғындарының қоғамдық белсенділігіне қалай әсер етті?
– Жыл басы өңіріміз үшін аса маңызды шаралармен басталды. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, Ұлттық құрылтайға қатысып, елде болатын бірқатар реформаға тоқталды. Бұл жиын елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланған, ұлттың дамуына бағыт беретін үлкен алаң болды.
Конституцияға түбегейлі өзгерістер енгізу мәселесі алғаш талқыланып, 15 наурыз күні референдум өткізу туралы ұсыныс айтылды. Жаңа Ата заңға өзгерістер енгізуді көздейтін референдумға ел азаматтары белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
Биыл 1 шілдеден бастап, жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің саяси жаңғыруының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды тарихи белес. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жаңа мүмкіндіктердің бастауы екендігі сөзсіз. Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына әсер ететін тарихи оқиға. Оның басты мақсаты – жас ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етіп, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, Таза әрі Озық Қазақстан құру.
Жуырда 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауы – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанның бірі болды. Осы маңызды сәтте Шиелі ауданының тұрғындары ауызбіршілік пен ынтымақтың, бірлік пен өзара түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетті. Сайлау барысында аудан халқының белсенділігі мен ұйымшылдығы байқалып, ел болашағына деген жауапкершілігі айқын көрінді. Сондай-ақ Шиелі жұртшылығының береке-бірлігі бекем, елдік мәселелерге деген көзқарасы орныққанын көрсетеді.
– Әр кезеңнің өз жүгі, әр жылдың өз есебі бар. Бірақ әкім үшін есеп – өткенге шолу ғана емес, ертеңге жауапкершілік алу. Шиелі ауданында соңғы жылдары ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Осы жұмыстардың қайсысын аудан дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан стратегиялық қадам деп бағалар едіңіз? Жалпы бүгінгі Шиелінің экономикалық бейнесі қандай?
– Ең алдымен, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары мен облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асырылып отырғанын атап өткен жөн.
– Ең алдымен, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары мен облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асырылып отырғанын атап өткен жөн.
Шиелі бүгінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсім қалыптасқан аудандардың қатарында. 2026 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде оң динамика бар. Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 53 млрд 595 млн теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 46 млрд 182 млн теңгеге жетті. Экономикаға тартылған инвестиция көлемі 52 млрд 408 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд 580 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 124,4 пайызды көрсетті. Бұл жай ғана статистикалық көрсеткіштер емес. Әрбір инвестиция – жаңа өндіріс, әрбір өндіріс – жұмыс орны, әрбір жұмыс орны – бір отбасының тұрақты табысы.
Қазіргі таңда ауданның 2025-2030 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулында жалпы құны 163,5 млрд теңгені құрайтын 18 ірі жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 1024 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Біздің міндетіміз – осы жобалардың қағаз жүзінде қалмай, нақты іске айналуын қамтамасыз ету.
– Инвестицияның артқаны қуантады. Бірақ тұрғындарды «ауданға қанша миллиард инвестиция келді?» дегеннен гөрі «сол инвестиция қайда жұмсалды?» деген сұрақ қызықтырады. Ірі өндіріс орындары мен инвестициялық жобалардың жергілікті халықты жұмыспен қамтуы, жергілікті кәсіпкерлерді тартуы және аудан бюджетіне түсім беруі қалай қамтамасыз етіледі?
– Бұл – өте орынды мәселе. Инвестицияның тиімділігін біз тек қаржы көлемімен емес, оның аудан экономикасына мультипликативтік әсерімен бағалауымыз керек.
– Бұл – өте орынды мәселе. Инвестицияның тиімділігін біз тек қаржы көлемімен емес, оның аудан экономикасына мультипликативтік әсерімен бағалауымыз керек.
Біріншіден, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беріледі. Екіншіден, жаңа кәсіпорындардың айналасында сервистік қызметтер, шағын өндірістер, қосалқы кәсіп түрлері қалыптасуы қажет. Үшіншіден, салық базасы ұлғаюы тиіс. Ауданның өз кірістерінің көлемі соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. 2023 жылы 5,3 млрд теңге болса, 2024 жылы 6,4 млрд, 2025 жылы 7,7 млрд теңгеге жетті. Үш жыл ішінде 2,2 млрд теңгеге, яғни 141 пайызға өсті. Біз үшін бұл өте маңызды көрсеткіш. Себебі өз кірісі өскен ауданның әлеуметтік мәселелерді шешудегі мүмкіндігі де артады.
Салық түсімдерін көбейту бағытында жұмысшы топтар құрылып, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мұнда біздің ұстанымымыз – кәсіпкерді қыспаққа алу емес, көлеңкелі айналымды азайтып, заңды кәсіп жүргізуге жағдай жасау.
– Аудан экономикасының тағы бір тірегі – шағын және орта бизнес. Бүгінде 5694 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Алайда ауылдағы кәсіпкер үшін несие алу, кепіл мәселесі, өнім өткізу, инфрақұрылымға қолжетімділік әлі де күрделі. Мемлекеттік бағдарламалардан қаржы алған кәсіпкерлердің тұрақты бизнеске айналуын қалай қамтамасыз ету көзделген?
– Кәсіпкерлік – аудан экономикасын әртараптандырудың негізгі тетіктерінің бірі.2026 жылдың жеті айында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 641,4 млн теңгені құрайтын 40 жоба шағын несие алды. Нақтырақ айтсақ «Өрлеу» бағдарламасы аясында 1 жоба 75,5 млн теңге көлемінде несие қаражатын алды. Аграрлық несие корпорация микрокредиттері арқылы 69 млн теңге көлемінде 1 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 7 жобаға 188 млн теңге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 31 жобаға 308,9 млн теңге берілді.

Ендігі мәселе – несие алған адамның кәсіпті жүргізіп кетуі. Сондықтан біз тек қаржы берумен шектелмеуіміз керек. Кәсіпкерге нарық, өткізу, технология, есеп жүргізу, кооперация мәселелері бойынша сүйемелдеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде «бір ауыл – бір өнім» қағидатына негізделген жобаларды көбейтуге мүдделіміз.
– Шиелінің тамыры ауыл шаруашылығымен біте қайнасқан. Бірақ бүгін ауыл шаруашылығы бұрынғыдай тек егін егіп, өнім алумен шектелмейді. Су тапшылығы, климаттың өзгеруі, өндіріс шығыны, өнімді өткізу мәселесі күн тәртібінде тұр. 11 мың 600 гектар күріш егілген биылғы маусымнан қандай нәтиже күтесіздер? Ал суды аз қажет ететін дақылдарға көшу қаншалықты нақты сипат алып отыр?
– Ауыл шаруашылығындағы ең өзекті мәселенің бірі – су. Биыл ауданда 32 мың 499 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде күріш 11 600 гектарды құрайды.
– Ауыл шаруашылығындағы ең өзекті мәселенің бірі – су. Биыл ауданда 32 мың 499 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде күріш 11 600 гектарды құрайды.
Сонымен бірге әртараптандыруға ерекше мән беріп отырмыз. Су үнемдеу технологияларын енгізу – енді таңдау емес, уақыт талабы. Биыл шаруашылықтарда тамшылатып суару әдісімен 1000 гектар жүгері, жаңбырлатып суару арқылы тағы 1000 гектар жүгері егілді. Болашақта бұл бағытты одан әрі кеңейтеміз. Себебі бізге суды көп жұмсап, аз өнім алатын модель емес, әр текше метр судың тиімділігін арттыратын заманауи ауыл шаруашылығы қажет.
– Су демекші, Шиелі үшін бұл тек экономикалық емес, өмірлік маңызы бар мәселе. Қазір «Құмжарған» каналы қазылып жатыр, бірқатар каналдар тазалануда. Бірақ канал жөнделгенімен, су көзінің өзі жеткіліксіз болса, мәселе түбегейлі шешілмейтіні белгілі. Аудан су қауіпсіздігі тұрғысынан алдағы жылдарға қандай нақты стратегия ұстанады?
– Су мәселесін бір ғана нысанмен шешу мүмкін емес. Бұл – жүйелі көзқарасты қажет ететін мәселе.Сұлутөбе ауылдық округіндегі ұзындығы 28 шақырым «Құмжарған» каналының жобалық құны 1 млрд 912 млн теңге. Бұл канал елді мекенді сумен қамтамасыз етуге және оның экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар ұзындығы 38,2 шақырым болатын 10 канал бойынша демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. Қазір тиісті басқармаларға бюджеттік өтінімдер берілді. Оған қоса демеушілердің қолдауымен «Ханқожа» көліне баратын қашыртқының 5 шақырымы тазартылды. Сонымен бірге аудандағы ірі шаруа қожалықтарының демеушілігі есебінен егістік алқаптарындағы каналдар мен қашыртқылар тазаланып, кеңейтілді.

R-12 каналының 4,2 шақырымы тазаланып, бес су тоспасына күрделі жөндеу жүргізілді. 0-2 каналының 3,8 шақырымы, Р-7 каналының 5 шақырымы тазаланды.Бұл жұмыстардың барлығы судың ысырабын азайтып, егістікке жететін судың көлемін арттыруға бағытталған.
– Аудан халқының ең жиі айтатын мәселелерінің бірі – жол. Жол жөнделсе, ауылдың тынысы ашылады, кәсіпкердің тасымалы жеңілдейді, жедел жәрдем мен қоғамдық көлікке жағдай жасалады. Бірақ жөнделген жолдың сапасы мен ұзақ мерзім қызмет етуі де маңызды. Бүгінде Шиелі жол инфрақұрылымын жаңғыртуда қандай кезеңге келді?
– Жол мәселесі біздің тұрақты бақылауымызда. «Шиелі – Тайқоңыр» автомобиль жолының 13 шақырымы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. «Самара – Шымкент – Еңбекші» жолының 4,3 шақырымына «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-нің демеушілігімен құны 1,2 млрд теңге көлемінде күрделі жөндеу жүргізілуде. Сонымен бірге «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы Бәйгеқұм, Телікөл, Тартоғай, Иіркөл, Жуантөбе ауылдық округтеріндегі 29 көшенің, жалпы 24,3 шақырым жолдың жөндеу жұмыстарына 1 млрд 36 млн теңге қаралды.

Айта кетейік, биыл 11 көшені жөндеуге қаржыландыру мәселесі шешімін тауып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайтын «Шиелі кентіндегі Яссауи, Бәкіров және Есабыз көшелерін, Байтұрсынов көшесінен канал көпіріне дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғырту» жобасын іске асыруға жоба құны 1 млрд 500 млн теңгенің бүгінгі күнге 900 млн теңгесі қаралды. Бас мердігер «УАД» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Шиелі кентіндегі «Самара-Шымкент» тас жолымен И.Әбдікәрімов көшесінің қиылысына бағдаршам орнатылды және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша 21 бағытқа және кент орталығында 5 бағытқа қоғамдық көліктер күнделікті, үздіксіз қатынауда.Шиелі кентінің автожолдары мен көпқабатты үйлердің кіреберіс жолдарын жаңғыртуға құны 5,3 млрд теңге болатын жоба әзірленді. Ол 2026-2028 жылдары кезең-кезеңімен іске асырылады.
Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын таба береді. Ең бастысы бір жылға емес, ұзақ мерзімге қызмет ететін жол салу. Сондықтан сапаға қойылатын талапты төмендетпейміз.
– Тұрғынның жайлылығы жолмен ғана өлшенбейді. Газ, ауыз су, электр энергиясы – өркениетті тұрмыстың негізгі үштағаны. Ауданда газдандыру 81 пайызға жеткен. Қалған елді мекендерге көгілдір отын қашан жетеді? Ал электр желілерінің тозуы мен қуат тапшылығы мәселесі қалай шешіледі?
– Бүгінде 19 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Бұл – 69 615 тұрғын немесе халықтың 81 пайызы. Береке шағын ауданына газ жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Самара – Шымкент тасжолы бойынан шағын ауданға дейін 5 шақырым магистральдық газ құбырын тарту жоспарланған. Осы бағытта атқарылып жатқан тағы бір жұмыс Жансейт елді мекеніндегі өткен жылы жаңадан пайдалануға берілген №133 орта мектептің бу қазандығы 7 млн теңгеге көгілдір отынға ауыстырылуда.

Электрмен жабдықтау бағытында да нақты жобалар бар. Бидайкөл, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев ауылдарында сыртқы электр желілерінің құрылысы аяқталды. Бәйгеқұм және Ш.Қодаманов ауылдарындағы 10/0,4 кВ электр желілерін реконструкциялауға 617 млн 252 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге Шиелі электр жүйесінің қосалқы станциясы 4,3 млрд теңгеге толық жаңғыртылды.
Ауданның тағы бір ерекшелігі – жаңартылатын энергия көздерінің дамуы. Сұлутөбедегі «Baikonyr Solar» қуаты 50 МВт, Еңбекші ауылындағы «Тезис» 40 МВт күн электр станциялары жұмыс істейді. Шиелі кентіндегі 20 МВт жобаның құрылысы жүргізілуде.Жалпы ауданда 42,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 110 МВт күн электр энергиясын өндіру қалыптасып отыр. Демек, бұл – Шиелінің тек тұтынушы аудан емес, энергия өндіретін өңірге айналып келе жатқанын көрсетеді.
– Бүгінде тұрғын үй мәселесі қоғамның назарында. 2023-2026 жылдары 280 пәтер берілгенімен, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны әлі де бар. Әлеуметтік баспанаға мұқтаж азаматтардың үмітін нақты қандай жоспар ақтайды?
– Тұрғын үй мәселесі – әлеуметтік саясаттағы маңызды бағыттардың бірі. 2023 жылы 50 пәтер сатып алуға 506,8 млн теңге, 2024-2025 жылы 178 пәтер сатып алуға 2 млрд 856 млн теңге, 2025 жылы 52 пәтер сатып алуға 775,8 млн теңге бөлінді. Биыл облыстық бюджеттен 17 үй, 50 пәтер салуға 775 млн теңге қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Біз тұрғын үй мәселесін тек пәтер беру арқылы емес, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жаңа тұрғын үй кешендерін қалыптастырумен қатар қарастыруымыз қажет. Бұл жерде басты қағида – тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың мәселесін ашық әрі әділ шешу.
– Әлеуметтік инфрақұрылымға тоқталсақ. Шиеліде білім беру саласында үш ауысымды мектеп жоқ. ҰБТ нәтижесінде аудан оқушылары облыс бойынша үшінші орынға көтерілді. Оның үстіне бір үйдің екі баласы егіз Кәусар мен Гауһардың 140 және 139 балл жинауы – үлкен жетістік. Бірақ бір-екі дарынды баланың нәтижесімен бүкіл білім жүйесін бағалауға болмайды. Сапалы білімді барлық ауыл баласына бірдей жеткізу үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс?
– Дұрыс айтасыз. Жеке жетістік – қуаныш, ал жүйелі нәтиже – мақсат. Биыл ауданның ҰБТ бойынша орташа көрсеткіші 85,7 балл болды. Бұл облыс бойынша үшінші нәтиже. 109 оқушы «Үздік аттестат», 93 оқушы «Алтын белгі» алды. Ал Кәусар мен Гауһардың нәтижесі – ұстаздың еңбегі мен ата-ананың қолдауының, баланың табандылығының жемісі.

Бірақ біз ауыл мен кент мектебінің, әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасы балаларының білім алу мүмкіндігін теңестіруге үнемі күш салып келеміз.Сондықтан алдағы уақытта педагогтердің кәсіби дамуы, оқушылардың ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатысуы, кәсіптік бағдар беру, цифрлық білім ресурстарына қолжетімділік мәселелеріне басымдық береміз.
Қазіргі таңда Шиелі кентіндегі №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп лицейінің ішінара ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 67 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталды. Ал «Жансая» балабақшасының сыйымдылығы мен қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты, аталған балабақшаны №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей жанындағы интернат ғимаратына көшіру жұмыстарын қолға алдық. Сонымен қатар Жөлек ауылындағы «Жөлек бөбек-жай» балабақшасы осы уақытқа дейін ауыл әкімдігінің ғимаратын пайдаланып келген. Қазіргі таңда балабақшаны талапқа сай орналастыру мақсатында №152 орта мектеп ғимаратына көшіру жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен 90 орындық «Жөлек бөбек-жай» балабақшасы құрылысының жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп сараптамадан өтті. Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады. Осы жұмыстың барлығы білім сапасын арттыруға бағытталып отыр.
– Денсаулық сақтау саласында жаңа жұқпалы аурулар бөлімі ашылып, МРТ аппараты орнатылды. Бұл – аудан үшін үлкен жетістік. Бірақ ауыл тұрғыны үшін заманауи аппараттың болуы ғана емес, сол аппаратта сапалы қызмет көрсететін маманның болуы да маңызды. Кадр тапшылығы қалай шешілмек?
– Иә, медициналық инфрақұрылым мен кадр мәселесі қатар жүруі тиіс. Ауданда 250 төсектік аурухана, 250 адам қабылдайтын емхана, екі ауылдық аурухана, Көкшоқы ауруханасы, 19 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАБ және 13 медициналық бекет жұмыс істейді. 2025 жылы 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Оның құны – 2 млрд 323 млн теңге. МРТ аппараты үшін жаңа корпус салынып, 650 млн теңгенің заманауи аппараты орнатылды. Бұл аудан тұрғындарының күрделі диагностикалық тексерулер үшін басқа өңірлерге бару қажеттілігін азайтты.

Ал кадр мәселесі бойынша медицина мамандарын тарту, жас мамандарға жағдай жасау, тұрғын үймен және әлеуметтік қолдау тетіктерімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды әлі де жалғастырамыз.
– Шиелінің сыртқы келбеті соңғы жылдары өзгеріп келеді. Бірақ көріктендірудің бір күндік науқанға айналып кетпеуі маңызды. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында тұрғынның да жауапкершілігі артуда. Тазалық мәселесінде әкімдік пен халықтың ортақ жауапкершілігінің шекарасын қалай белгілейсіз?
– Тазалықты тек әкімдікке жүктеп қою – дұрыс емес. Таза аудан ең алдымен мәдениеті қалыптасқан қоғамнан басталады. Биыл тазалық саласында еңбек етіп жүрген қарапайым еңбек адамдарының еңбегін бағалау мақсатында 5 азаматқа Сарыағаш шипажайына жолдама, 27 азаматқа қаржылай сыйақы берілді. Бұл марапаттың мәні – сыйлықта емес, еңбекті құрметтеуде. Сонымен қатар аудан орталығында қоғамдық жұмыспен қамтылған 40 азаматқа қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндіктері қарастырылып, жағдай жасалуда.

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен ауданда тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған акция аясында заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап абаттандыру қағидалары негізінде әрбір тұрғын өз үйінің ауласы мен оған іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл бастама тұрғындар тарапынан кең қолдау тауып, бүгінде тазалық мекемелері, салалық ұйымдар, кәсіпкерлер, өндіріс орындары және тұрғындардың бірлесуімен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ендігі меже – Шиеліні тазалыққа мәжбүрлейтін емес, тазалықты мәдениет деп қабылдайтын ауданға айналдыру.
– Соңғы жылдары ауданда демеушілердің көмегімен жүзеге асып жатқан жобалар да көбейді. Демеушілікке сүйену – бір жағынан мүмкіндік, екінші жағынан бюджетке түсетін салмақты азайтады. Бірақ бұл үрдіс әлеуметтік нысандарды бюджет есебінен шешу міндетін алмастырып кетпеуі керек. Сіздің бұл бағыттағы ұстанымыңыз қандай?
– Демеушілік – біздің аудан үшін маңызды қолдау тетігіне айналды. Бірақ оны бюджет қаржысын алмастыратын құрал ретінде қарастыруға болмайды.Бүгінде демеушілердің қолдауымен Еңбекші ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Сұлутөбе мен Қарғалыда осындай бекеттердің құрылысы жүріп жатыр.

Бәйгеқұм ауылдық округінде полиция пунктінің құрылысы жүргізілуде. Аудандағы 13 елді мекенде жалпы құны 318 млн 500 мың теңге болатын ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай мал қорымдары салынып жатыр.
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қолдауымен Бәйтерек ауылдық округінде құны 622 млн теңге болатын заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды. Шеген Қодаманов ауылында демеушілікпен 20 млн теңгеге «Жазғы футбол алаңы» пайдалануға берілді.
Байсын ауылындағы К-9 каналындағы көпірді «Семізбай-U» ЖШС-нің «Иіркөл» филиалының демеушілігімен күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ Шиелі кентінің Шұғыла мөлтек ауданынан Нартай көшесіне дейін көл үстімен өтетін ұзындығы 1747 метр автомобиль жолын салу мәселесі де бюджеттен тыс қаражат есебінен қарастырылуда.
Яғни демеушілердің қолдауы – ауданға деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Бірақ барлық әлеуметтік міндетті демеушілерге артып қоюға болмайды. Бюджеттік жоспарлау мен кәсіпкерлік әлеуметтік жауапкершілік бірін-бірі толықтыруы тиіс.
– Аудан орталығындағы кәріз жүйесі – көп жылдан бері айтылып келе жатқан мәселелердің бірі. Жобаның сараптамадан оң қорытынды алуы – маңызды қадам. Бірақ тұрғындар «қашан басталады, қашан аяқталады?» деп сұрайды. Бұл жобаның нақты перспективасы қандай?
– Шиелі кентіндегі кәріз жүйесін салу – стратегиялық маңызы бар жоба. Жобаның бірінші кезеңінің жалпы құны 2,5 млрд теңге. Сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2027 жылға жоспарланған.

Бұл жобаның іске асуы аудан орталығының санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, болашақтағы тұрғын үй құрылысына, жаңа шағын аудандардың дамуына қажетті инженерлік негіз қалыптастырады.
– Құрылыс тікелей қаржыға келіп тіреледі. Осы бағыттағы жұмыстарды тарқатып берсеңіз.
– Әрине! Мемлекет қаржысының әр тиынын тиімді пайдалану қажет. Ал атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталар болсақ, Шиелі кенті, Абай көшесінде орналасқан спорт кешенін күрделі жөндеу бойынша келісім шарт соммасы 249 млн 891 мың теңге құрады. Аталған спорт нысаны қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Береке мелтек ауданына тартылатын газ құбыры мен орамiшiлiк газ тарату желiлерiн салуға жалпы 269,7 млн теңгеге келісім шарт негізінде жұмыстар жүргізілуде. Оған қоса Жөлек ауылдық округінде орналасқан жобалық құны 613,9 млн теңге болатын «Спорт кешенінің» құрылыс жұмыстары да қарқынды. Ал «Шиелі кентіндегі Есабыз және А.Молдағұлова көшелерінің қиылысында К-4 каналында автомобиль көпірін салу» жобасына ағымдағы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға жергілікті бюджеттен 125 млн теңге қаржы қаралды.

Мемлекет басшысының ел аумағындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғыртудан өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, еліміздегі 124 вокзал жаңғыртылып, аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шиелі кентінде 836 млн теңгеден астам қаржыға теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтті. Естеріңізде болса, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның тапсырысымен «Шиелі теміржол» вокзалының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, 2026 жылдың маусым айында аймақ басшысының қатысуымен қайта пайдалануға берілген болатын.
Ендігі кезекте Бәйтерек ауылдық округіндегі стадионды қайта жаңғырту жұмыстары мен Сұлутөбе ауылдық округінде жобалық құны 39 млн теңгені құрайтын шағын футбол алаңы және балалар ойын алаңын салу жұмыстары жүргізіледі.
– Аудан экономикасы өсіп, жаңа нысандар салынып жатқанымен, әлеуметтік саясаттың басты көрсеткіші – әлсіз топтардың жағдайы. Халық саны 85 мыңнан асты, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыз деп көрсетіліп отыр. Алдағы кезеңде жұмыспен қамту мәселесі қалай жалғасын табады?
– Жұмыспен қамтуда тек жұмыс орнының санына емес, оның тұрақтылығына, жалақы деңгейіне және адамның кәсіби өсуіне назар аудару қажет.Жаңа инвестициялық жобалар іске қосылған сайын жұмыс орындары көбейеді. Бірақ бұдан бөлек, шағын кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, жастарды кәсіпке баулу арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтуды тұрақты кәсіпке айналдыруымыз керек. Әсіресе жастардың ауданнан кетуін азайту үшін жұмыс пен баспана, сапалы білім мен спорттық-мәдени орта қатар дамуы қажет екенін жақсы түсенімз және сол бағытта қабылданған тиісті мемелекеттік бағдарламалар аясында жұмыс жасалып жатыр деп толық сеніммен айта аламын.

– Шиелі – тарихи тұлғаларымен ғана емес, еңбек дәстүрімен де танылған аудан. Биыл Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығы, Закира Ержанованың 100 жылдығы, Нартай Көкеевтің 125 жылдығы, Сұлтанәлі Балғабаевтың 80 жылдығы аталып өтпекші екен. Тарихты ұлықтау – өткенді еске алу ғана емес, бүгінгі ұрпаққа бағыт көрсету. Осы мерейтойлардың мазмұны қандай болмақ?
– Бұл мерейтойлар – Шиелінің тарихи жадын жаңғыртатын маңызды шаралар. Ыбырай Жақаевтың еңбек жолы – жерге деген сүйіспеншіліктің, табандылықтың, еңбек мәдениетінің үлгісі. Закира Ержанова, Нартай Көкеев секілді тұлғалардың өмірі де кейінгі буынға өнеге. Ал Сұлтанәлі Балғабаев – ұлттық драматургия мен әдебиетке өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер.

«Алтын күз – 2026» аясындағы шаралар тек концерттік бағдарлама деңгейінде қалмай, тұлғалардың мұрасын жастарға танытатын ғылыми, мәдени, спорттық және тәрбиелік бағыттарды қамтитын болады.
– Айтбай Насриддинұлы, 2025 жыл Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында айтулы жылдардың бірі болды деуге негіз бар. Бір жылдың ішінде ауданның мәдени-рухани, білім, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын үй, жол және инженерлік инфрақұрылым салаларында бірқатар ірі жобалар жүзеге асты. Осыларды саралай келе, өткен 2025 жыл Шиелі үшін қандай болды деп бағалар едіңіз? Бұл жобалардың қарапайым тұрғынның өміріне әкелген нақты өзгерісі неде?
– 2025 жылды мен Шиелі үшін жаңғыру мен нақты нәтижелер жылы деп бағалар едім. Өйткені өткен жылы жүзеге асқан жобалардың әрқайсысы ауданның белгілі бір мәселесін шешуге бағытталды. Біз үшін нысанның көлемінен бұрын оның халыққа қажеттілігі маңызды болды. Ең алдымен, мәдени-рухани бағыттағы «Руханият орталығының» пайдалануға берілуін атап өткен жөн. Құны 1,6 млрд теңге болатын бұл нысан аудан тұрғындары үшін рухани, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізетін жаңа орталыққа айналды.

Білім саласында да елеулі жұмыстар атқарылды. Шиелі кентіндегі 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық өнер мектебінің пайдалануға берілуі – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды жоба. Ал №219 орта мектептің күрделі жөндеуден өтуі оқушылар мен ұстаздарға қолайлы білім беру ортасын қалыптастырады деп сенемін.
Жоғарыда айтып өткенімдей 2 млрд 323 млн теңгенің 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Ауданаралық аурухана базасында МРТ аппаратына арналған қосымша корпус салынып, 650 млн теңгенің заманауи МРТ құрылғысы орнатылды. Бұған қоса, 733,2 млн теңге құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталды. Сондай-ақ «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының 255 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтуі де ауылдық медицинаның материалдық базасын жақсартуға бағытталған.
Т.Рысқұлов көшесіндегі автотұрақ пайдалануға беріліп, ауылдардың кіреберістеріне сәулеттік аркалар орнатылды. Мұның барлығы бір қарағанда әртүрлі бағыттағы жұмыстар сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ түпкі мақсаты бір – адамға қолайлы орта қалыптастыру. Біз жаңа ғимараттар салдық, бірақ сонымен қатар олардың айналасындағы инфрақұрылымды да дамытуға көңіл бөлдік. Жол жөндедік, электр желілерін жаңғырттық, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырдық, балаларға арналған нысандар салдық.
Дегенмен осы жерде бір нәрсені ерекше атап өткім келеді: 2025 жылы атқарылған жұмыстармен тоқмейілсуге болмайды. Себебі аудан дамыған сайын халықтың талабы да өседі.
– Әкім ретінде сізді қуантатын көрсеткіштермен қатар, алаңдататын мәселелер де бар екені анық. Егер бүгін Шиелі тұрғындарының алдында тұрып, «алдағы кезеңде үш мәселені міндетті түрде шешемін» десеңіз, сол үш мәселе қандай болар еді?
– Біріншісі – инженерлік және жол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту. Сапалы жол, тұрақты электр, газ, су және кәріз жүйесі – тұрғындардың күнделікті өмірінің негізі.
– Біріншісі – инженерлік және жол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту. Сапалы жол, тұрақты электр, газ, су және кәріз жүйесі – тұрғындардың күнделікті өмірінің негізі.
Екіншісі – экономиканы әртараптандыру және тұрақты жұмыс орындарын көбейту. Аудан экономикасы бір ғана салаға тәуелді болмауы керек. Өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жаңартылатын энергия көздері қатар дамуы қажет.
Үшіншісі – адам капиталының сапасын арттыру. Білімді бала, білікті маман, дені сау тұрғын, еңбекқор кәсіпкер – ауданның ең үлкен капиталы.
Осы үш бағытты жүйелі түрде алып жүрсек, басқа мәселелерді де кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік болады.
– Соңғы сұрақты дәстүрлі есептен емес, азаматтың үмітінен бастасақ. Шиелі халқы аудан әкімінен ең алдымен нақты істі күтеді. Ал сіз халықтан нені күтесіз?
– Мен халықтан бірлік пен жауапкершілікті күтемін.Әкімдік барлық мәселені жалғыз өзі шеше алмайды. Мемлекет қаражат бөледі, кәсіпкер инвестиция салады, құрылысшы нысан тұрғызады, мұғалім балаға білім береді, дәрігер адам өмірін сақтайды. Ал тұрғындар осы ортақ жұмыстың белсенді қатысушысы болуы керек.

Шиелінің бүгінгі жетістігі – бір адамның немесе бір мекеменің еңбегі емес. Бұл – елдің тұрақтылығының, халықтың ауызбіршілігінің, еңбек адамдарының табандылығының нәтижесі. Біздің алдымызда әлі де ауқымды міндеттер тұр. Ең бастысы – мақсатымыз ортақ.
Шиелінің болашағы жарқын боларына сенемін. Өйткені бұл өлкенің тарихында қиындыққа мойымаған, еңбегімен елге үлгі болған адам көп. Сол дәстүрді бүгінгі ұрпақ жалғастыруы керек.
Мазмұнды сұхбатыңыз үшін рақмет!
Сұхбатты жүргізген Нұрболат Пірімбет