Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ НОРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


 Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.
Мәжіліске дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдары мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Мәжілісте Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының нормаларын іске асыру мәселесі қаралды.
«15 наурызда республикалық референдум өтті. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адамды құрады. Оның ішінде дауыс беруге 9 127 192 азамат немесе 73,12 пайызы қатысты.
Облыс бойынша референдумға қатысушылардың үлесі 93,04 пайызды құраған болатын. Ауданымызда бойынша барлығы 40 референдум учаскесі жұмыс істеді. Учаскелер таңғы сағат 06:00-де ашылып, дауыс беру 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін жалғасты.
Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан референдум аясында учаскелерде ұлттық дәстүрлер насихатталып, бірқатар орындарда киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылды. Референдум күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан аумағында қоғамдық көліктер тегін қатынады.
17 наурыз күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жаңа Конституцияның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайту болып табылады. », – деді аудан әкімі Айтбай Жандарбеков.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Конституцияның нормаларын іске асыру мәселесін бақылауға алып құқық қорғау, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік салалардағы барлық қызметтер жаңа Конституцияның нормаларына сай жұмыс істеу керек екенің жеткізді.

18 наурыз 2026 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031