Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР – АУДАН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР – АУДАН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, “Amanat” партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ішкі істер органы мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында екі негізгі мәселе қаралды:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
Аудан әкімі Жолдауда көтерілген басым бағыттарға тоқталып, тапсырмаларды іске асырудағы ауданның үлесін атап өтті.
Президент Жолдауында айқындалған негізгі 7 бағыт:
- Елімізге қомақты инвестиция тарту;
- Өңдеу өнеркәсібін жаңа деңгейге шығару;
- Ауыл шаруашылығын дамыту;
- Көлік логистикасын кеңейту;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту;
- Цифрландыруға басымдық беру;
- Адам капиталы мен экономика құрылымын жетілдіру.
Жол жүрісі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бұл мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов баяндама жасап, аудандағы жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер жолағын жаңарту, жол белгілерін орнату мен жаңарту, көшелерге жарық шамдарын орнату, бақылау камераларын көбейту және қауіпсіздік талаптарына сай жол инфрақұрылымын жақсарту секілді шаралар жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, мектеп маңдарындағы қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылып, балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі аталған мәселелердің әрқайсысы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін атап өтіп, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2025 ж. 42 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 34

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930