Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде тұрғын үй құрылысына жаңа серпін берілуде

Шиеліде тұрғын үй құрылысына жаңа серпін берілуде

Шиелі ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасуда. Әсіресе әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қолжетімді әрі сапалы тұрғын үй ұсыну мәселесіне басымдық беріліп отыр.
Бүгінде Шиелі кентіндегі «Шұғыла» және «Бәйтерек» шағын аудандарында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандардың құрылыс барысын аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жауапты сала басшыларымен бірге барып көріп, жұмыс сапасына назар аударды.
Аралау барысында құрылыс жұмыстарының орындалу қарқыны, нысандардың сапасы және белгіленген талаптардың сақталуы талқыланды. Мердігер мекеме өкілдерімен пікір алмасқан аудан әкімі тұрғын үйлердің сапалы әрі берік салынуы қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар құрылыс кезінде пайдаланылатын материалдардың сапасына жіті мән беріп, технологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Нысандарды белгіленген мерзімде аяқтап, болашақ тұрғындарға жайлы жағдай жасау да басты назарда екені айтылды.
«Халықты баспанамен қамту – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы мен беріктігіне айрықша көңіл бөлу қажет. Әрбір нысан белгіленген талаптарға сай болып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауы тиіс», – деді аудан әкімі.
Жаңа тұрғын үйлердің салынуы аудан тұрғындарын баспанамен қамту мүмкіндігін арттырып, әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешуге өз үлесін қоспақ.
10 қыркүйек 2026 ж. 18 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930