Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй сапасына мән берілді

Тұрғын үй сапасына мән берілді

Арал ауданы әкімдігінде аудан әкімі А.Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, құрылыс саласындағы бірқатар мәселелер назарға алынды.
Мәжіліске ауданда тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлер және осы жұмыстарға тікелей қатысты мекеме, кәсіпорын басшылары мен мамандар қатысты.Осы жылға халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 18 пәтерге және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаражаты есебінен барлығы 106 пәтер сатып алуға қаржы қаралған.
Жергілікті әкімдік тарапынан 150 тұрғын үйге жер телімі әзірленіп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес табысталған. Қазіргі таңда №1 шағын ауданында белгіленген жер телімдері бойынша тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Алайда инжененерлік инфрақұрылыммен қамту мәселесінде кемшіліктер орын алған. Аудан әкімі сала бойынша жауапты мекеме басшыларын тыңдап, ағымдағы жылдың қыркүйек айының екінші онкүндігіне дейін қажетті инфрақұрылым жүйелерін толық қалпына келтіруді тапсырды.
Құрылыс нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алған аудан әкімі тұрғын үй нысандарын салуда құрылыс жұмыстарының қарқыны төмен екендігін, келер айдан бастап тұрығн үй объектілерін кезең-кезең бойынша өз иелеріне тапсыру басталатынын, сондықтан мердігерлердің жұмысты жандандырып, бір ай мерзім ішінде кемшіліктерді толықтай қалпына келтіруді тапсырды.
Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында ең басты мәселе – сапаға жұмыс істеу. Бұл аудан әкімі А.Оңғарбаевтың назарындағы ең басты мәселе. Салынып жатқан үйлердің сапасына қатысты бақылауды күшейтіп, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының мамандарымен бірге әр үйге жеке-жеке тиісті тексеру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.
Фото: Арал ауданының әкімдігі
09 тамыз 2024 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031