Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БӘЙГЕҚҰМДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

БӘЙГЕҚҰМДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Кеше аудан әкімі Айтбай ­Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Бәйгеқұм ауылдық округіне барды. Ауыл көшелерін аралап, электрмен жабдықтау желілерін жаңарту жұмысының барысын бағамдады.
Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаның бас мердігері – «Сәт-Сервис» ЖШС, жалпы құны 706,5 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда ауыл ішіндегі ескірген электр желілері толық жаңартылып, жаңа бағаналар орнату, ­заманауи кабельдер тарту және трансформаторлық қондырғыларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде электр желілерінің сенімділігі артып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда жарық мәселесінен туындайтын қиындықтар азаятын болады.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалардың уақытылы іске асуы басты назарда болатынын атап өтті.

«Өскен өңір» ақпарат
16 наурыз 2026 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930