Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШҚО-да аю көбейіп, тұрғындарды әбігерге салды

ШҚО-да аю көбейіп, тұрғындарды әбігерге салды

ШҚО-да аю көбейіп, тұрғындарды әбігерге салдыЕліміздің шығысында аю көбейген. Өңірлік табиғи ресурстар басқармасының инспекторлары Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан аса аю бар екенін анықтаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Аюлар Риддер маңындағы саяжай учаскелері мен омарталарға кіріп кететін болған. Аюдан қорыққан жергілікті омарташылар қорықшылардан көмек сұрай бастаған. Қазір Риддер маңында орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағынан үш экипаж кезекшілік атқарып жүр. 
"Күн енді бата бастаса болды, иттер үре бастайды. Демек, аю келе жатыр деген сөз. Сыртқа шығып, жарық жағамын. Иттерімді жеп қоймасын деймін. Басқа не істей аламын?!" - деді Шаравка ауылының тұрғыны Виктор Маршалкин. 
Мамандардың айтуынша, аюлар көршілес Ресейдің Алтай өлкесінен қоныс аударған. Жануарлар өртенген орманнан қашып, Қазақстан аумағына келген болуы мүмкін. "Экипаждар бір-бірін үнемі алмастырып, осындай жағдайдың алдын алу үшін облыс аумағында жұмыс істеп жатыр. Аю, шынында да, тым көбейген. Кейінгі жүргізілген есеп бойынша 3296-cы тіркелді", - деді Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов. 
10 қыркүйек 2026 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930