Алтайда арқар көбейді
Сырдағы сайын далада ақбөкендер төлдеп жатса, Алтайда арқар көбейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Табиғат қорғау инспекторлары қызыл кітапқа енген жануардың бұл түріне жылда санақ жүргізеді. Қорықшылардың айтуынша, арқар саны соңғы үш жылда 3 мыңнан асқан. Жануар өте жай өседі. Бір жағынан қыс мезгілінде қасқыр да қырып кетеді. Браконьерлердің зияны тағы бар. Инспекторлар сырттай бақылап, жыл сайын әуеден санап шығады. Алтай арқары аймақта негізінен алты ауданды мекендейді. Қорықшылардың айтуынша, қазір арқардың төлдейтін кезі. Сосын биік таудың басына кетеді. Самат Дидахметов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы: – Әуеден санақ өткізгенде, әбір арқар мекендейтін жерлер аңшылық шаруашылыққа бөлінген жерлер бар. Сол жылда қорықшы қызметкерлер өз аумақтарында жалпы санақ өткізеді. Өткізген санақ бойынша бізге жіберді. Негізгі санын біз шығарамыз.
https://24.kz
https://24.kz